Автографы гостей библиотеки

 2006 жыл

89Құрметті әріптестер, сіздердің ұйымдастырушылықтарыңыздан және қызметтеріңізден үлкен әсер алдық. Кітапхана – ғылым мен білімнің басты мекемесі ғой. Сіздердің осы жұмыстарыңызға үлкен табыс тілейміз.

05.09.2006
Ульрика Католи және Йозеф Кирибауэр
Германия, Мюнхен қаласының мемлекеттік кітапханасынан

Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы!
Бұл кітапхана 1883 жылы ұйымдасқан Қазақстандағы ең үлкен кітапханалардың бірі. Бұл кітапханада ұлы атамыз Абай болған. Қазақтың ардақты ұлы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан сияқты асыл азаматтар осы кітапханадан сусындаған.
Сіздердің осы кітапхананың абыройын арттырып, жемісті еңбек ете берулеріңізге тілектеспін.
Сіздерден кітап алып оқыған тұрақты оқырмандарыңыздың ішінен жоғарыда аталған азаматтар атақты, абыройлы болуына тілектеспін.

Зор құрметпен, Әзілхан Нұршайыхов
Қазақстанның халық жазушысы.
Осы кітапхананың қарт оқырмандаырының бірі (1939-1947).
7ХІІ. 2006ж
Семей қаласы

!–:–

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7