Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Абай атындағы  Мемлекеттік сыйлығының иегері (1998).

Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер

Қабдеш Жұмаділов -“Тағдыр” романы үшін, 1990 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Абай атындағы сыйлыққа ие болған.

Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы – отарлау өктемдігі құрсауындағы ұлт тағдырын, азаттық күрестің ауыр жолдарын арқау еткен шығарма. Тұтас халықтың айдаһар бас, самұрық шеңгел алып екі империяның ашкөз пиғыл, ашқарақ ындынына жұтылып, сұраусыз құрбан болған оқшау бақытсыздығын, шекараның арғы бетінде қалған «жабық» тарихты жазушы кең байыптап жазған.