Ақын, ұстаз, абайтанушы, шәкәрімтанушы, мұхтартанушы ғалым, Қазақ КСР Әнұранының авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығының иегері.
Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер
Қайым Мұхамедханов-1996 жылы «Абай» энциклопедиясын шығарудағы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ғалым Қ.Мұхамедханов 1940 – 1990 жылдар аралығында Абай Құнанбайұлының мол рухани мұрасын саралау, зерттеу мен сақталуына байланысты ыждағатты ғылыми жұмыстар атқарған.
Ол Абайдың барлық өлеңдерімен поэмаларына ғылыми түсініктер жазған.Абайдың барлық шығармалары мәтіндерін, тарихи негізін, ақын өміріндегі оқиғаларды жетік білуімен, текстологиялық сараптаманың ғылыми әдісін қолдана отырып, ол Абайдың өзіне ғана тиесілі түпнұсқа сөздерін қалпына келтірді. Сонымен қатар ол бұрыннан белгісіз болып келген Абайдың 30 өлеңін анықтап, авторлығын дәлелдеген.
Сонымен қатар, қазақ әдебиетінде кенжелеп қалған текстология ғылымының қалыптасу, даму тарихы, теориялық-әдістемелік негіздерін, Абайдың ақын шәкірттерінің өмірі мен Абайдың ақындық айналасы төңірегінде ғылыми еңбектерін жариялаған.