Жазушы, драматург, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығының  иегері.

Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер

Оралхан Бөкей – «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері жинағы үшін 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығына ие болған.

Жазушы «Біздің жақта қыс ұзақ» егіз повесінің  біріншісі –  «Сайтан көпір» деп аталады. Автор бұл шығармасында өмір, тіршілік жайлы философиялық терең толғамдарға барады. Ал екінші повесі –  «Қар қызы» осыдан біраз жыл бұрын  шағын көлеммен жарияланған.