Аса көрнекті әдебиеттанушы ғалым, әдебиет теоретигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР. ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының   иегері.

Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу және бастырып шығару жөніндегі жұмыстары үшін 1996 жылы Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болған.

Ғалым Зәки Ахметов зерттеулерінде Абайдың ақындық тұлғасын, адамгершілік мұраттарын бүгінгі заман ұғым-түсініктері деңгейінде жан-жақты, толық сипаттап, оның шығармашылық мұрасының танымдық, эстетикалық, көркемдік, тағылымдық мәнін жүйелі түрде ашып көрсетуді мақсат еткен.