Электрондық каталог

Электронды каталог – ақпарат іздестірудегі басты құрал

Кітапхананың ақпараттық кеңістігінде каталог қорларға қолжеткізуді қамтасыз ететін негізгі құрал болып табылады, сонымен қатар, қажетті ақпаратты іздеп және қамтасыз етеді.
“Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы” МҚМ-нде электронды каталог (ЭК) 2000 жылдан бастап жүргізіледі. Электронды каталог дәстүрлі карточкалы каталогтар және картотекалармен қатар жүргізіледі. ЭК қандай да бір тақырып немесе сұрақ бойынша материал іздеу барысында қормен жұмыс істеуге көмекке құрылған кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады. Каталог келесі әдебиеттер түрлерінің ішінде: мерзімді басылымдар, кітаптар, кітапшалар, CD, DVD, бейне, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шығарылатын әдебиеттерді ұсынады және кітапхананың негізгі қорларында сақталған әдебиеттерді іздеу мен іріктеу мүмкіндігін береді.
Электронды каталог кітапхана қорының мазмұнын ғылыми және техникалық сауатты ашады, әдебиеттердің жаңа түсімдері туралы оқырмандарға жедел хабарлап отырады.
Алынған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады.

Кітапханалық кеңейтілген библиографиялық жазу

Абай атындағы кітапхана 2012 жылдың сәуірінде құрылған 7 кітапхананың: Қарағанды облыстық кітапханасы, ШҚО А.С.Пушкин атындағы кітапханасы, Өскемен қаласының ҚОК, Семей қаласының ҚОК, ШҚМУ кітапханасы, Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ғылыми кітапханасы негізіндегі Бірлескен кітапханалық кеңейтілген библиографиялық жазудың қатысушысы болып табылады.
Бірлескен кеңейтілген библиографиялық жазудың алдына мынадай міндеттер қояды:
• оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсату үшін кітапханалық бірлескен жүйе құру;
• қаражатты ұтымды жұмсау;
• көп еңбек сіңіруді керек ететін процестерге жұмсалатын еңбек шығынын қысқарту;
• айналымды қамтасыз ету үшін құжаттардың сипаттамасының бірыңғай нормасын жасау.