Өлке туралы жаңа басылымдар

Ақшың: ширек ғасырдағы шарықтау. – Семей, 2018. – 462 б.

Бұл кітап тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылған «Семей базары» серкітестігі «Ақшың» корпорациясының 25 жылдығына арналған. Сауда орталығында көп жылдар еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан ардагерлердің, ұжым мен сауда орталығында кәсібімен танылып жүрген кәсіпкерлердің есімдері енгізіліп отыр.

Атыңнан айналайын, Абыралы / Бас ред. Ғ.М.Мұтанов; жауапты шығарушы ред. Б.Жақып. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 450 б.

Жинаққа ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Еспенбетов туралы мақалалар мен арнаулар енгізілген.

Ұстаз. Ғалым. Азамат. – Семей, 2015. – 227 б.

Жинаққа ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Еспенбетов туралы мақалалар мен арнаулар енгізілген.

Әбдікәкімов Т. Бесінші маусым жұпары: өлеңдер мен толғаулар, поэма мен балладалар. – Алматы: Атамұра, 2017. – 312 б.

Жинақта табиғат ананың тылсым күштерінің, қоғамдық құбылыстардың, һәм тарихи тағылымдарының алуан сыр-сипаттары мен адам жан-дүниесінің құпияларын танып білуге ынтық оқырмандарды баурап аларлық тосын шешімдерімен құнды.

Шотанов Қ. Ортада жүрмін оңаша. – Семей: «Семей-печать», 2018. – 318 б.

Қаламгер-журналистің бұл кітабында естеліктер, хикаят, арнау өлеңдері берілген. Өмірдің түрлі қырларын, адамдардың сыр-сипатын бейнелеуге арналған және туған жері Абыралы туралы туындыларымен ерекшеленеді.

Ұлт қасиетінің қамқоршысы еді / құрастырғандар Ш.М.Көпшікбаев, А.Т.Ибрагимова. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2018. – 160 б.

Кітап «Абайдың шырақшысы» атанған абайтанушы, ғалым, жазушы, сыншы Төкен Смаиылұлы туралы. Отбасы құрастырған кітапта әкелерінің өмірдегі достары мен әріптестерінің, әкеге деген сағынышқа толы естеліктері жинақталған.

Асылбек Е. Абай өлеңінен нәр алған. – Семей: Зияткер, 2017. – 104 б.

Ақын, қаламгер Е.Асылбектің өзінің және ол туралы замандастарының әр жылдары мерзімдік басылымдарда жариялаған және Семей өндіріс орындарында еңбек еткен еңбек адамдары туралы да мақалалары топтастырылған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Еспенбетов А. Абайтану әлемінен: Ғылыми-зерттеу мақалалар. – Семей: Зияткер, 2017. – 150 б.

Жинаққа филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетовтің әр жылдары Абай шығармашылығы және әуезовтану мәселелеріне арналып жазылған зерттеу мақалалары топтастырылған. Кітап жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.

Әлин М. Өмір мұраты. – Семей, 2017. – 259 б.

Белгілі қаламгер М.Әлиннің кітабында өзінің, замандастарының өмір жолдары жайлы естелік-эсселер, өнер, өлең туралы ой-толғаныстары берілген. Кітап өнер, өлең сүйер ұрпаққа арналған.

Әуезов А. Жас Мұхтар: Естеліктер / Әдеби өңдеп жазған Ж.Аяшев. – Семей: Зияткер, 2017. – 72 б.

Ұлы суреткер, абайтанушы ғалым М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай жазушының ағасы А.Әуезовтің «Жас Мұхтар» естелігі арнайы ұсынылып отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Жанболатұлы М. Шыңғыстау жері, Шыңғыс елі: Этно-мәдени, тарихи-танымдық шығарма. – Семей: Зияткер, 2017. – 120 б.

Этнограф, журналист М.Жанболатұлының кітабында Шыңғыс елінің салт-дәстүрді сақтап, бабалар рухын қастерлеп отырған ұрпақтар тіршілігі туралы қызықты баяндалады. Кітап ел тарихын, табиғаттың тылсым сырын, ұлылық ұлағатын ұғатын ұлтжанды қауымға арналған.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11