Өлке туралы жаңа басылымдар

Ибраев М. Жұмбақ жолаушы: өлеңдер мен толғаулар, поэмалар / құраст. Е. Ғалымов. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016. – 208 б.

М. Ибраев «Жұмбақ жолаушы» кітабында өмір хақында өзінің өзекжарды ойларын ортаға салады. Сонымен қатар Естай ақын мен Қорлан сұлу жайынан да бір үзік сыр-шежірені хат етіп қалың оқырман қауымға ұсынады.

Бостандық жырының бозжорғасы: ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы туралы ой-толғамдар / құраст.С. Сабырбеков. – Астана: Фолиант, 2016. – 480 б.

Көрнекті ақын, Мемлекетік сыйлықтың лауреты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы хақында әр жылдарда алдыңғы, кейінгі інілері, заманы бір қатарластарының қаламынан туған сүбелі сөз, шынайы толғаныстар топтастырылған бұл кітап бүгінгі әдебиет сүйер оқырманға, әдебиет зерттеушілеріне таптырмайтын құрал. Тәуелсіздік шежіресін тереңнен толғап, бүтін бір батырлар галереясын жыр тілімен сомдап, «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған ақынның сан қырын жарқырата ашқан жинақ көпшілік оқырманға арналған.

Дүйсембекова Ш.Д. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Оқу әдістемелік құрал.- Семей, 2015. – 118 б.

Оқу әдістемелік құралда оқушыларға тәрбие беру ерекшеліктері қарастырылған. Оқу-әдістемелік құрал дәріс және тәжірибелік жұмыс түрінде, түсінікті, ғылыми, жүйелі, бірізді баяндалған. Оқу-әдістемелік құрал оқушыларға, студенттерге және оқытушыларға арналған.

Көкбайдың мешіт-медресесі / Ред. Басқарған Ж. Әубәкір.- Семей: Абай мұражайының кітапханасы, 27 б.

Тақырдағы Көкбай Жанатайұлының мешіт-медресесі 1901-1904 жылдары салынған. 1997 жылы қайта қалпына келтіріліп, Абай қорық-мұражайының бөлімі ретінде осы ғимаратта көрме экспозициясы ашылды. Экспозиция мешіт-медресе тарихына байланысты деректермен, Көкбай ақынның шығармашылығы және оның шәкірттері, сол өңірдегі кешегі-бүгінгі көрнекті, белгілі адамдарымен таныстырады.

Ахмет Риза медресесі / Ред. Басқарған Ж. Әубәкір. – Семей: Абай мұражайының кітапханасы, 22 б.

Абай оқыған Ахмет Риза медресесі Абайдың қорық-мұражайының қалалық кешенінің аймағына көшіріліп, 1995 жылдан экспозицияға айналды. «Абай және Шығыс әлемі» атты екі экспозициялық залдар орналасқан. Жолтанытқыш осы тақырыптар бойынша шолу береді.

Әсет Найманбайұлының мұражайы / Ред. Басқарған Ж. Әубәкір.- Семей: Абай мұражайының кітапханасы, 34 б.

Ұлы Абайдың ақын шәкірттерінің бірі – Әсет Найманбайұлы мұражайы 1990 жылы қыркүйек айында Үржар ауданының Мақаншы ауылында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының бөлімі ретінде ашылған. Бес бөлімнен тұратын мұражайдың көрме экспозициясы әншілік, ақындық, сазгерлік қасиет бойына дарыған ақынның қысқаша өмір жолы және шығармашылығы туралы, сондай-ақ оның өмір сүрген ортасы, ұрпақтары жөнінде қызықты, әрі тартымды естеліктермен таныстырады.

Шәкәрімнің саят қорасы / Ред басқарған Ж. Әубәкір. – Семей: Абай мұражайының кітапханасы, 36 б.

Саят қора – қазақ халқының ардақты ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының соңғы қонысы. Бұл жер ақынның елден жырақ кетіп, мәңгі өлмес туындыларын, тарихи-философиялық, поэзиялық шығармаларын дүниеге келтіруге арқау болған киелі жер. Шәкәрімнің Саят қора экспозициясы Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығымен таныстырады.

Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі / Ред. Басқарған Ж. Әубәкір. – Семей: Абай мұражайының кітапханасы, 54 б.

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Әуезовтің туғанына 90 жыл толуына орай 1987 жылы жазушының атамекеніндегі қыстауында мұражай-үйі ұйымдастырылды. Мұражай-үй Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының бөлімі болып саналады.
Мұражай-үйі экспозициясы жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырады.

Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов мұражайы / Ред. Басқарған Ж. Әубәкір. – Семей: Аба мұражайы кітапханасы, 42 б.

Семей қаласы – ұлттық руханиятымыз бен мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен көркемөнеріміздің ту тіккен жері. Көптеген тарихи оқиғалар осы жерде өтті. «Алаш» деп атаой салған Әлихан, Ахмет, Міржақып, Халел, Райымжан тағы басқа алаш зиялыларының ізі қалған қасиетті жер. Мұражай экспозициясы М. Әуезов өмірінің Семей кезеңі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығы және Алаш қайраткерлеріне арналады.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7