Пайдаланушылар назарына

Пайдаланушылар назарына!

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының 1883 жылы облыс орталығы Семей қаласындағы қоғамдық кітапхана болып ірге көтерген уақыттан бастап қала тұрғындары, зиялылар, шенеуніктер сыйға тартуымен жиналған сирек басылымдарының алтын қоры төрт жарым мыңға жуық кітаптар мен Абай заманынан бастап жарық көрген 129 атаудан тұратын мерзімді басылымдар қорынан тұрады.

Кітапхананың сирек басылымдар қоры XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырда басым бөлігі ресейдің сол дәуірде, әсіресе Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларында қауырт өскен М.О.Вольф, А.Ф.Маркс, Эфрон, Брокгауз-Эфрон, А.С.Суворин, И.Д.Сытин, И.Н.Скороходов, И.Н.Кушнеров, П.П.Сойкин, Н.Новиков, М.Г.Волчанинов, «Катков и К», П.В.Луковников, М.М.Стасюлевич, Глазуновтардың отбасылық жекеменшік баспаханаларымен қоса Сенат пен Ресей империясының Ғылым Академиясының баспасынан жария көрген әдебиеттерден тұрады. XX ғасыр басында жария көрген сирек қордың өлкетану басылымдары Омбы, Верный, Ташкент, Қызылорда, Орынбор, Орал мен туған қаламыз Семейдегі – Облыс Басқармасының, «Плещеев и К» сауда үйінің, «Эврика» мүгедектер артелінің, «Степная Правда және Қазақ тілі», «Жәрдем» және басқа да баспаханалардан шыққан әдебиеттерден тұрады.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының үшінші қабатындағы №18 кабинетте орналасқан кітап қорын сақтау бөлімінен Сіздер сирек кездесетін әдебиеттердің қазақ тілінде, орыс тілінде, неміс тілінде, француз тілінде, еврей тілінде, поляк тілінде, өзбек тілінде, парсы тілінде, ұйғыр тілінде, қырғыз тілінде, латын тілінде, башқұрт тілінде, түрік тілінде, татар тіліндегі түпнұсқаларымен кітапхана қабырғасында тегін пайдалана аласыздар. Кітапхана сайтында тізімі ұсынылған әдебиеттердің басым бөлігі сандық нұсқаға көшірілмеген. Қашықтан пайдаланушылар үшін сайттағы «Анықтама қызметі» арқылы тапсырыс жасау және semeybib@yandex.kz электронды пошта арқылы ала аласыздар. Құжаттар материалдың күрделілігіне байланысты 1-3 күннің арасында орындалады.