Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру

Бөлім жетекшісі:

Қалижанова Әлия Жүнісбекқызы
Тел.: 8 (7222) 52-01-44
e-mail: alas64@mail.ru
semeybib@yandex.kz
071400, Семей қ., Абай көш., 86. 

Кітапханада автоматтандыру процестері 1997 жылы басталды, Сорос-Қазақстан Қорының Гранты нәтижесінде кітапхана алғашқы техникаға қол жеткізді және электронды поштаға қосылуға мүмкіндік туды. 2000 жылдан бастап Республикалық автоматтандырылған кітапханалық жүйесін (РАБИС) алдық, 2009 жылы ИРБИС жүйесіне көшті. Қазіргі кезде автоматтандыру бөлімі ИРБИС автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық жүйені енгізіп, техникалық қолдау көрсетуде. 2002 жылы пайдаланушыларға арналған Интернет орталығы ашылды. 2003 жылы кітапхананың бірінші веб-сайты жасалды, Интернетке шығарылып, техникалық қолдау көрсетілді, бүгіңгі таңда сайт жаңартылды. Кітапхана құрылымында арнаулы автоматтандыру бөлімі 2013 жылы ашылды.
Автоматтандыру бөлімі қызметінің ең маңызды бағыттары – компьютерлерді жетілдіру, физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру, қолданыстағыларын жөндеу. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнату.

Бөлім міндеттері:

1. Кітапхананың локалды компьютер жүйесінің техникалық қамтамасыз ету.
2. Интернет және электронды поштаға кіруді ұйымдастыру.
3. Кітапхананың электронды каталогын қолдануға және қызмет көрсетуге ақпараттық қолдау жасау: қызмет саласы бойынша мамандарды үйрету, оқыту, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
4. Кітапхана сайтына технологиялық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
5. ИРБИС автоматтандырылған кітапханалық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету: ағымдағы келіп түскен құжаттардан  кітапхананың  электронды ресурстар қорын тексеру; кітапхана қорына жыл сайын түсіп жатқан  мерзімді басылымдардан алынған мақалалардың аналитикалық сипатталған библиографиялық  жазбаларын  кітапхананың электронды каталогына енгізуін басқару; кітапхананың электронды каталогын сапалы технологиялық толықтыруын қадағалау; республикалық деңгейде библиографиялық жазбалармен кітапханааралық алмасу процесін дамыту; кітапхананың электронды жүйедегі мәліметтер қорын қолдау; қызмет саласы бойынша мамандарды үйрету, оқыту, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
6. Кітапхана пайдаланушыларына ақпарат технологиялар негізінде қызмет көрсетуін жетілдіру: кітапхананың интернет орталығы жұмыс жасайды, тұтынушыларға Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
7. Серверлер, локалды жүйе және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.
8. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
9. Электронды ақпараттық ресурстарын сақтауға, оларды ұйымдастыруға жаңа тәсілдер іздеу.
10. Кітапхана бөлімдерінің бірлескен жұмысы негізінде жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу: Автоматтандыру бөлімі кітапханашыларды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға тренингтер мен шеберлік класстар арқылы үйретеді. Жұмыс тәжірибесіне ең жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі  бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек беріледі.