Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

Кітапханаларды дамыту

Бөлім жетекшісі:

Адикаева Рахиля Хажиахметқызы
Телефон: 8 (7222) 52 38 87,
Факс: 8 (722 2) 52 04 94
e-mail: metodsemey@mail.ru
071400, Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй

Аймақ кітапханаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында, 2013 жылдың маусым айынан әдістеме бөлімі ашылды.

Бөлімнің мақсаты:

Аймақта кітапханалық саясатты қалыптастыру;

Мемлекеттік басқару органдарымен серіктестікті дамыту және нығайту;

Абай атындағы әмбебап кітапхана және ведомстволық кітапханалар (әрі қарай кітапханалар) жағдайының мониторингі мен рейтингін және есебін жүргізу;

Бірыңғай кітапханалық-ақпараттық кеңістік құру арқылы аймақ тұрғындарына жоғары дәрежеде кітапханалық қызмет көрсету, жаңа технологияларды игеру, алдыңғы қатарлы кітапханалардың озат тәжірибесін жинақтау және кітапхана жұмысына енгізу.

 

Бөлімнің міндеті:

Аймақтағы кітапхана ісін дамыту стратегиясын анықтау;

Кітапханаларға әдістемелік кеңес беріп, іс-тәжірибелік көмек көрсету;

Кітапханалар қызметіне талдау жасау, көпшілік кітапханалар жағдайының мониторингін ұйымдастыру;

Кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру, олардың кәсіби тұрғыдан өсулерін қамтамасыз ету;

Әдістемелік құралдарды дайындау, шығару және тарату;

Кітапханалар қызметін жоспарлау, болжау және кітапхана кадрларын оқыту мәселесі бойынша әдістемелік материалдарды жасау;

Кітапханалық іс шаралардың жаңа формаларын ұсыну және кең көлемдегі шаралардың жоспарын құру.