Книгоноша: әлеуметтік жоба

Абай атындағы кітапхана 2013 жылдан арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып, кітапханалық қызмет көрсету үшін «Книгоноша» әлеуметтік жобасын бастады.

Жобаның мақсаты: ақпаратты қолдануға әрбір адамның конституциялық құқығын жүзеге асыру, кітапхана қорындағы басылымдарды ұсыну арқылы ақпаратқа қолжетімділігін арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануына атсалысу, рухани мәдениетке араластыру.

Жоба жоспары бойынша осы жобаға қатысатын  мүмкіндігі шектеулі жандардың  үйіне айына екі рет баслымдар жеткізіліп, ақпараттармен қамтамасыз етіледі.

 

Байланысшы:  Омарбаева Гүлмира Қанабекқызы

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Тел.: 8 (7222)  52-36-45

e-mail:  abonement.bibliotekaabaya@yandex.kz