Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығында 2013 жылдың 30 қыркүйегінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жоба жұмысын бастады.

Жобаның мақсаты – компьютерде толығымен жұмыс істеуді үйрету және кәсіби деңгейге жетуге көмектесу. Үйрету барысында жаңа ақпараттық және оқыту технологиялары қолданылады.

Бұл жобаның ерекшелігі – мүмкіндіктері шектеулі адамдарды компьютерді қолданушы деңгейінде ғана игеру емес, олардың ішінен ақпараттық технология саласында кәсіби жұмыс жасай алатын адамдарды таңдау және олардың осы жұмысқа керекті кәсіби қасиеттерін дамыту. Ол үшін Интернет-технологияларды қолдануды үйрету, шетел мүгедектерімен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде мүгедектердің білім алуы жайлы ақпараттар орналастыру және т.б.

Жобаның басты міндеті – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғамда өздерінің орындарын табуға, тұрмыстық деңгейлерін дамытуға қолдау жасау. Үйрету тренингтер, курстар, семинарлар практикалық сабақ түрінде жүргізіледі.

Бұл  тренингтер  өзінің білімдерін дамытуға ынталы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қысқа мерзімді оқыту-тренингтерін ұйымдастыру арқылы қолдау  көрсету болып табылады. Компьютерлік сауаттылыққа үйрететін бағдарлама қолданушы деңгейінде компьютерді игеру, компьютерде толығымен жұмыс істеуді үйрету, Интернет-технологияларды қолдануды үйрету, шетел мүгедектерімен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде мүгедектердің білім алуы жайлы ақпаратты орналастыру. Үйрету тренингтер практикалық сабақ ретінде жүргізілді. Осы шара үшін арнайы әзірленген бұл курстардың құрылымы: компьютер негіздері, Ms Word, Ms PowerPoint, т.б. бағдарламаларда жұмыс жүргізудің түрлері, электронды пошта, әлеуметтік жүйелер және Интернет арқылы сөйлесу, сұхбаттасу сияқты  бөлімдерден тұрады. Бұл тренингтерді жүргізуге кітапхананың автоматтандыру бөлімінің жоғары білікті жаттықтырушылары тартылды.

Семейдегі оқыту-тренингтер  бір кісіге кітапханада басталып, бір-екі адамға үйден оқыту және топтық курстар түрінде ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатындар үшін жаңа технологияларды білу өте қажет және пайдалы. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқытулар қатысушылардың назарларын бір бағытқа шоғырландырып, өмірге деген белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік берді.

Байланысшы: Ивлева Любовь Валерьевна

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-01-44

e-mail:  avtsemey@yandex.kz

 

«Компьютерлік сауаттылық» жобасы бойынша пайдаланушыларды  оқыту

 

Сауатты компьютер пайдаланушы тренинг 1-4 Каб.№8
Интернет  негіздері тренинг 1-4 Каб.№8
Компьютерлік графикасының негізі тренинг 1-4 Каб.№8