2015 жылы өңірдің тарихи, мәдени және экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан танымал тұлғалардың мерейтойлары мен тарихи оқиғалары кеңінен аталып өтілетін болады.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі
Күләш Сәкиеваның туғанына 95 жыл (1920)

Сакиева КуляшҚазақстан Республикасының Халық әртісі Күләш Сырымбетқызы Сәкиева 1920 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында туған.Сахна табалдырығын сонау 1940 жылдары аттаған жиырма жастағы Күләш соғыс жылдарында да сахнадан қол үзбей, қантөгіс жылдары қамкөңіл халықтың көңілін кішкене болса да серпіліп қалса екен деген ниетпен күні-түні шармашамай еңбек етті. Алматыда рабфакта оқып жүрген жерінен Еңбекші қазақ ауданы театрына ауысады. Осында еңбек етіп, шағын рольдермен шеберлігін көрсете білгенболашақ актриса бойдағы дарынын біліммен ұштастыру мақсатында Алматы театр училищесіне келіп түсті. Актерлік қызметін Жамбыл театрында бастаған Күләш апамыз Семейдегі үлкен театрға 1952 жылы келді. Содан бері өзінің Меккесіндей болған Семей топырағына табан тіреу, онда ғұмыр кешуді өзіне бақыт санаған Күләш Сырымбетқызы Абай атындағы музыкалы сазды драма театрында 70 жылға жуық еңбек етіп, 300-ден астам арулар бейнесін сомдап, халқына рухани ләззат сыйлап, өнер сүйер қауымның ізгі ілтипатына бөленген жан.
Театртанушы Қ.Қуандықов «Әншілік пен ақындық, шебер актерлік – бір адамның басына сирек қонатын бақыт. Міне, осындай асыл өнер, бақыт иесінің бірі – Сәкиева Күләш» деп жазған еді.
Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1958), Қос орденді «Құрмет белгісі орденінің» иегері (1946), (1959 ж.) бірнеше медальдардың иесі, Еңбек ардагері (1982). Бүгінде театрдан қол үзбей, рольдерге де қатысып, жастарға да ақыл-кеңесін беріп жүрген Күләш Сәкиева қажыр-қайратын халыққа арнаған адам.

Әдебиеттер:

Иманбаева А. Өнердің хас шебері // Мәдениет.-2010.-№ 1.-5-9 б.
Мақанқызы К. Сан қырлы саңлақ // Ертіс өңірі.-2010.-29 қыркүйек.-10 б.
Мұхамедова Р. Жүздеген тағдыр бейнесі // Ертіс өңірі.-2010.-3 наурыз.-12 б.
Семей қаласының Құрметті азаматы // Семей таңы.-2002.-25 қазан.-2 б.
Сағимұрат Е. Мұхтар Әуезов бағалаған актриса. // Семей таңы.-2010.-30 қыркүйек.-2 б
Сәкиева К. Мен Майраны көп іздедім // Дидар.-2010.-4 наурыз.-7 б.
Сейсенұлы Д. Актриса: (Қазақстанның Халық әртісі К.Сәкиева туралы) //Егемен Қазақстан.-2010.-2 наурыз.-3 б.
Сыдықов Е. Өнердің хас шебері.-Семей таңы.-2010.-23 қыркүйек.-7 б.
Тарих тұңғиығына үңілсек // Семей таңы.-1990.-10 қараша.-4-5 б.