Семей қамалының тарихы

h01 (1)   Семей қаласы Еуразияның тура жүрегінде орналасқан. Оның географиялық орталығы Гринвич бойынша шығысқа қарай 50 градус ендік пен 80 градус бойлықтың қиылысқан тұсында, Семей қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Қаланың пайда болуы Қазақстанның Ресейге қосылу тарихымен тығыз байланысты Семей қамалынан басталған. Доржынкит – қазіргі Семей қаласы тұрған жерде, Ертістің оң жағасында, дөңестің үстіне орналасқан. Ертіс бойында мұндай көне қалалар көп болған екен. Абылайкит, Қола-Балғасын, Тұзқала, Қарақала т.б. қалалардың жұрнағы көп кездеседі.

Алыс-жақын елдерден келетін сауда айналымы ғана емес, ғылым мен мәдениеттің рухани орталығы болған Семей қаласының іргетасы 1718 жылы қаланды. Семей қаласы 1718 жылы Ямышев көлі жанынан салынған бекінісі бой көтерген уақыттан бастап, Семей қаласының дүниеге келген күні болып есептеледі. ХІХ ғасырда Семей қаласын зерттеуші ғалымдар Миллер, Н.Абрамовтар «Семь палат», «Жеті шатыр» атануына назар аударып, өздеріне дейін жазылған деректерді іздестірді. Оларды оқып, зерттей отырып, бұл өзі қалмақтардың тастан қаланған жеті құрылысы екенін, 1660-1670 жылдары жергілікті феодалдардың өзара шайқасы кезінде бұл құрылыстардың бүліншілікке ұшырағандарын айтып жазған жазған еңбектері бар. Тобыл қаласының архив мекемелерінен әкелінген Семей қаласы туралы құнды мәліметтер Абай мұражайында сақтаулы. «Тобольская губернская ведомости» газетінің 1861 жылғы 11-санында Н.Абрамовтың «Князь Матвей Петрович Гагарин» деген зерттеу еңбегінде Семей қорғанына «Семь палат», «Жеті шатыр» деген аттың берілуін, оны қалмақтар өз тілінде «Зордшинкинд» деп атағанын жазады. Олай аталуы туралы зерттеуші Миллер Тюменнің ескі архивтерінің ішінен 1616 жылы 25 қазанда патшаға жазылған Грамотада жеті шатыр туралы айтылады. 1718 жылы Семей қамалын тұрғызуға жіберген Чередов пен Бухгольц Жеті шатырдың тас сарайларының биіктігі мен әшекейлеріне таң қалады. Чередовтың айтуынша Жеті шатырдың құрылыстары Бұхар мазарының стилімен салынған. Онда ғажайып суреттер, таңғұрт тілінде жазылған кітаптар, қолжазбалар болған. Бұл жазулардың бір тобын 1718 жылы Бухгольц Петр 1-ге сыйға тарқан екен. 1776 жылы жаңадан қала тұрғызыла бастағанда, бұрынғы Ертістің тас сарайлары түгел қирап біткен, олардың орнын жаңадан тұрған үйлер басып кеткен. Алайда сарайдың екеуін сақтап қалу мақсатымен капитан И.Анреев біреуін ас үйге, екіншісін нан пісіретін тамға айналдырды. 1733 жылы профессор Г.Миллер тамның қабырғасы мықты екенін коп суретке түсіріп алған. Жеті шатыр сарайлары мен үйлері кірпіш пен тастан салынған.

Доржынкит қаласы маңындағы обаларға (қорымдарға) қарағанда бұл арада Жібек жолының Қазақстан жерімен өтуі кезінде, яғни 6 ғасырда көне қалалар болған. Бұл ойды мақала соңындағы мәлімет дәлелдей түседі: ”Жеті шатыр қаласының қалдығын қазушылар өткен ғасырда көп болған. Оған 1858 ж. Ф.Достоевский мен А.Евангель де қатысқан. Әсіресе, В.Радлов, Ф.Педашенко, ағайынды Белослюдовтар терең зерттеп, бағалы материалдар жинаған. Бұлардың зерттеуі бойынша үш дәуірдің тұрмысын сипаттайды: қола дәуірі, тайпалар одағының кезі, феодализм дәуірі. Мақала авторы деректерді зерттей отырып, қаланы 1600 жылы тұрғызылуы мүмкін дейді.

Беттер: 1 2 3