Концепциясы:

Фото-бейне клуб – фотосуретке деген қызығушылығы жоғары адамдардың кездесетін орны. Бұл клубты құру мүгедек жастарға өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін қолданып, әр түрлі фотосурет туындыларын жасауға, клуб мүшелері бір-бірімен танысып, қарым-қатынас жасауға, жасалған фотосуреттер туралы өз пікірлерін білдіруге, фотоөнердегі жаңа бағыттар мен үрдістер туралы ақпарат алмасуға, фото және бейне түсірілімдердің әр түрлі жанрларында өз күштерін сынауға, фототехниканың жаңа түрлерімен танысуға мүкіндік береді. Қазіргі экономикалық жағдайда мүгедек жастарға жұмысқа орналасу қиын болғандықтан, бұл клубқа қатысу сол жастарға фото және бейне түсірілімге байланысты жұмыс табуға көмектеседі деген сенімдеміз. Клуб мүшелері өз жұмыстарын көрсету, көрмелерді дайындау және талқылау, фотосуреттер туралы клубтың басқа да мүшелерімен пікір алмасу мүмкіндіктеріне ие болады.

Мақсаты:

фотосуреттер шығармашылығын дамыту, әр замандағы Семей фотографтарының шығармашылық мұрасын сақтау, фото және бейне өнерінің әр түрлі жанрларын дәріптеу, жас ұрпаққа көркемдік талғам тәрбиелеу, фото-бейне клуб мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын қорытындылау.

Міндеттері:

– мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту;
– фото және бейне түсірілімнің шеберлігіне үйрету;
– фото және бейне түсірілімнің кәсіби дағдыларын арттыру;
– мүмкіндігі шектеулі жастардың фото және бейне түсірілім технологияларына деген қызығушылығын мадақтау;
– жастарға танысып, қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау;
– кітапханаға жаңа оқырмандар тарту;
– мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақыттарын ұйымдастыру.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін фото-бейне клуб төмендегі іс-шараларды жоспарлайды:
– заманға сай фотосуреттер мен жаңа технологиялар бойынша кәсіби фотографтар мен әуесқой фотосуретшілердің қатысуымен тренингтер жүргізу;
– фотосурет және өнердің басқа да түрлерінің теориясы мен тарихы туралы баяндамалар мен дәрістер өткізу, фотосурет және өнердің басқа да түрлерінің шеберлерімен шығармашылық кештер өткізу;
– фотосурет және бейнелеу өнерін, фототехниканы, фотоматериалдарды және т.б. дамыту туралы семинар, талқылау, дәрістер ұйымдастыру;
– фотосурет және бейнетүсірілім теориясы мен практикасы жайлы кеңестер жүргізу;
– фотосуретке түсіру және бейнетүсірілім жасаудың дағдыларын арттыру мақсатында қаланың көрнекті жерлері мен қала сыртындағы табиғи жерлерге шығу;
– қалалық тақырыптық фотокөрмелер ұйымдастыру;
– көрме жұмысын жүргізу.

2017 жылы өткізілетін іс-шаралар:

 

Жыл мезгілдері

 

Көктемгі фотосессия сәуір Қаланын көшелері
Ғажайып әткеншек

 

 

Балалық шақ мерекесі

 

1 маусым кітапхана
Тарихынды танып біл

(Семей қаласының ескерткіштері)

 

Өлкетану фотосесиясы

 

 

шілде Семей қаласының ескерткіштері
Алтын күз

 

фотоколлаж қыркүйек Қаланын көшелері