Жас ақындар клубы «Поэзия бұлағы» сәрсенбі, жұма күндері сағат 17:30–19:00 аралығында келушілерге ашық. Клубтың мақсаты: жас ақындардың өз қаламдарын ұштауға, ақындық шеберліктерінің шыңдалуына көмек көрсету; талантты жас буындарға жол көрсету, бағыт-бағдар беру, білімдерін толықтыру; жас қаламгерлерге ұлттық рухты сіңіре отырып, патриоттық және эстетикалық тәрбие беру; әрбір оқырманның қазақ жырына деген құштарлығын арттыру. Бойында өлең жазуға деген дарыны немесе қазақ ақындарының шығармашылығына деген қызығушылығы бар әрбір жас талант «Поэзия бұлағы» жас ақындар клубына мүше бола алады. Мына адрес арқылы жас ақындардың өлеңдерін оқып, пікірлеріңізді қалдыруға болады: http://vk.com/public79279391

Байланысшы: Жундибаева Рима Канапьяновна

Шетел әдебиеттері бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-43-07

e-mail: shetel.bolimi@yandex.kz