XIX ғасыр

h031804 жылы Сібір губернаторы Семейдегі таможнядан сол кездегі Қытай елімен Семей арқылы сауда жасаудың мәні мен маңызы жөнінде нақты деректер беруді талап етті. Тұңғыш рет дәл осы тұста Қытай елімен екі ел арасындағы сауда-саттық және басқа да қатынастарды Семей арқылы атқару тиімді екендігі толық шешілді.

Белгілі дәрежеде Синьцзян әкімшілігі де осы аймаққа орыс-қытай сауда қарым-қатынастарының тиімділігіне біршама назар аударып келді. Өйткені, орыс жерінде өндірілетін тауарлар мен шикізат оларды мейлінше қызықтыра түскен. Мәселен, 1804 жылы май айында өскемендік жүз басы Горшков осы мәселе төңіргінде қытайлықтардың мәмлеге келетіндігі жөнінде ақпар тапсырған. Оның мәлімдемесіне қарағанда, Қытай жағы егер Ресей рұқсат беретін болса, Өскеменге өз товарларын жіберіп тұруды ұсынады.

Сонымен орыс мемлекеті әркез Қытаймен қарым-қатынасты сақтауда мейлінше назар аударып келді. Ол үшін өздерінің ресми және жасырын өкілдерін тұрақты жіберіп тұрды. Мәселен, 1811 жылы Сібірлік жеке корпустың командирі Қытай еліне барып қайтқан көпестер тобының атынан Семей бекінісін Қытайдағы Ақсу қаласына арнауулы керуендер жіберіп, тұрудың қажеттігін бекітті. Дәл осы жылы татар көпсінің өкілі ретінде Шәуешек және Құлжа қалаларына аудармашы Н.Путинцев барып қайтты. Осы қалаларға орыстың шұғалары мен жергілікті жерде мал трісін өткізуге айрықша қолайлылығын атап көрсетеді. Бұл кездегі барлық сауда әреккеттері негізінен заттай айырбас тәртібімен атқарылған.

XIX ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан Ресей өзінің өндіргіш күштерін өркендетуде біршама алға басты. Осымен байланысты өндірілген товарларды ұқсату және сыртқа шығару мәселесі күн тәртібіне қойылды. Осы тұста да Қытай еліне баса назар аударылды. Алайда ол жақтан көптеген кедергілер жасалынып тұрды. Қытайлықтар Ресей ұсынған товарларлы неғұрлым арзан алуға тырысып бақты. Ал оның орнына ішікі жаққа қажетті товарларды жеткілікті беріп тұрмады.

Міне, осы шараларды жүзеге асыруда және Ресейдің Қытаймен, сондай-ақ,Орта Азиямен байланыстар жасаудың орталығы Семей қаласы болып табылды. Оны атақты зерттеуші П. Семенов-Тяньшанский «Азияның жерін тану» еңбегінде әділ атап көрсетеді. Сонымен Шәуешек және Құлжа қалаларымен Семей тікелей екі бағыт арқылы қатынас орнатады. Оның бірі Көкпекті Приказы арқылы Тарбағатай тауының жоталарымен өтетін болса, екіншісі Сергиополь тракты бойынша атқарылған. Сауда керуендері ең қолайлы және тура деп табылған Көкпекті Приказы көбірек қолданылады. Бұл сапарға 12 не 15 күн уақыт кетіп отырды.

Сауда керуендерінің жолында керуеншілерді әртүрлі қауіптер де тосқауылдап күтіп тұрды. Олардың кейбірі жол бойында тоналып, талан-таражға түсіп отырды. Сондықтан да, көпестер өздерінің товарларын және адамдарды қорғауға үздіксіз назар аударып отырды. Әсірсе Қалба, Тарбағатай жатоларында тонаушылар екі жақтан да кездесіп отырды. Осыған байланысты қазақ қарулы командалары шығарып салып отырды. Ол үшін ірі-ірі екруендер құрастырылды, мұндай керуендер жылына бір рет, кейде екі рет қана аттандырылып тұрды. Осындай керуен жолдары семейден Орта Азия елдеріне де жасақталып отырған.

Беттер: 1 2 3 4