Құлжанова Нәзипа
h06Нәзипа Құлжанованың Семейліктер үшін істеген ісі, қалдырған еңбегі айтарлықтай құрметті еді. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өнегелі қыздың сіңірген еңбегіне осылай өлеңмен баға берген еді. Нәзипа мақтаса мақтауға тұрарлық орысша білім алып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан және өз бақыт үшін күресе білген өткір жан болды. Семей жері- құпия ғажайып сырларға толы. Қазірде есімдері әлемге әйгілі болып отырған талай данышпандар мен дүлдүлдер осы Семейдің топырағын басып, Ертістің мөлдір суын татқан адамдар.Тарихты жасайтын Адам.
Семей өңірінде өткен ғасырда қаламыздың тарихында елеулі із қалдырып, елдігімізге өз өрнектерін қалдырған тұлғалар болды.Сондай тарихи тұлғалардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, педагог ғалым, тамаша аудармашы және қоғам қайраткері – Нәзипа Құлжанова.

Нәзипа Құлжанова – Торғай өңірінің тумасы болса да ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын насихаттауда өзіндік еңбек еткен алдыңғы қатарлы топтың өкілдерінің ішінде есімі ерекше аталатын білімді жан. Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысы, Жанкелді ауданында туып өскен .
1982 жылы Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архив деректері бойынша Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны – Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясының барлық төрт жылдық курсын ойдағыдай бітіріп шыққан (1898-1903).

1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. Ерлі-зайыпты білімді екі жас Нұрғали, Нәзипа Құлжановтардың Торғайдан Семейге келуіне не себеп деген сұраққа келсек, сол кездегі феодалдық-патриархалдық рушылдық қоғамның әдет-салты әлі үстем болып тұрғанда тыныштықпен, бейбіт өмір сүре алмады. Сондықтан, туған жерден алысырақ шеткері жатқан сахара төріне қарай – Семей қаласына сапар шегеді. Олар келген жыл Абайдың дүниеден өткен жылы 1904 жыл болатын. 1905 жылы «Семипалатинский листок» газеті Абайдың қайтыс болуына байланысты Ә.Бөкейханов көлемді қазанама жазды. Онда оның өмірін, халықтық ақын екенін жұртқа бірінші рет танытқан алаш азаматы Әлихан Бөкейханов болды. Құлжановтардың да ұлы Абаймен таныстығы да осы жылдардан басталды.
1905 –20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен. Батыс Сібір Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болған. Ол туралы Семей облыстық өлкетану музейінің ғылыми кітапхана қорында сақталған жазбалардың деректері бойынша:

1914 жылғы «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела РГО, выпуск ХІ, 1917 год» деген кітапшада Географиялық қоғамның мүшелері Федор Николаевич Белослюдов, Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар деп жазған деректер бар.

– «Список членов общества изучения Киркрая 1923 год» деген құжатта Нәзипа Құлжанова бар, осы қоғамның мүшесі болғанын растайды.

– 1924 жылғы 1 шілде ОРГО-да Географиялық қоғамның мүше-қызметкері Құлжанова Нәзипа Сағызбаевна – Оренбург деп көрсетілген. Бұл Нәзипаның қоғамдық ұйымдар ісіне қатысын айғақтайтын тарихи деректер. Бұл деректер 1993 жылы Д.Дәуренбекованың құрастыруымен шыққан «Алғашқы қарлығаштар»деген кітабының 23-24 беттерінде жазылған.