Алексей Николаевич Белослюдов
Алексей Николаевич 1887 жылы 17 наурызда туды. Алексей Николаевич – педагог, қазақ фольклорын жинаушы, этнограф. Семей қаласындағы гимназияда оқыған ( 1906 ж).

1908 жылдан бастап өлке тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысқан. Осы саладағы еңбектері ескеріліп, Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүшелікке қабылданған. (1914ж)

1913 – 1914 жылдары Бұқтырмада мұғалім бола жүріп, Алтай өңірінің қазақтарының ертегілерін , этнографиялық материалдарын жинайды. Қазақ ертегілерін көптеп жинастырады. Оның ішінде «Әз Жәнібек хан», « Едіге және Тоқтамыс», «Алдар Косе», т.б. ертегілерді жинастырып, жазып алады. Қазақ ертегілерін көптеп айтып, көмектескен Шойынбек Төлепов айтып болды. Осы кісіден Алдар Көсе туралы ертегілердің бірнеше варианттарын жазып алды. Ертегілермен қатар Алексей Белослюдов жұмбақтардың бірнешеуін жазып алады.

1915 жылы «Сібір студенті» журналына «Қазақ поэзиясы туралы» деген мақала жазып, онда Шөже, Орынбай, Арыстан, Біржан, Сара және өзге қазақ ақындарының шығармаларына қысқаша сипаттама береді.Ағаларымен бірге Семейде этнографиялық мұражай ашуға көмектеседі. Оның музейге тапсырған экспонаттары қазір де сақтаулы. Сонымен қатар, ол Абай шығармаларын орыс тіліне аудару мәселесін көтерген. 1914 жылы 10 наурызда Томск қаласындағы ағасы Николайға : Құнанбаев өлеңдері туралы «Сібір студенті» журналымен келісіп қой, қырғыз поэзиясы туралы кішкентай мақала жазып, соған қосып жібер» дер жазған. 1915 жылы Г.Н. Потанинге жазған хатында Семейде қазақ жастарының үйірмесі ұйымдасқанын , олар халық фольклоры мен этнографиясын жинау ісімен шұғылданатын , өзінің бірінші кезекте Абай Құнанбаев шығармаларын оысшаға аударуды міндетіне алып отырғанын айтады. Томбы технология институтының профессоры М.А. Усовпен бірге 1921 жылы Баянауылға Сәтбай ауылына барып қымызбен емделген. А.В. Затаевичпен бірге ел аралап, өлеңдер, әңгіме, жырлар жинасқан.

Әдебиеттер тізімі:

Бейсенбаев М. Николай Николаевич Белослюдов // Семей таңы .- 1991.- 11 қараша.- б.2
Бейсенбаев М. Ағайынды Белослюдовтар жайында бірер сөз // Өркен.- 1994.- 26 ақпан.- б.6
Түсіпжанов Б. М.Әуезов құрметтеген Белослюдовтар // Қазақстан мектебі.-2001.- №10.- б.73