Қала саудагерлері

h07    1880 жылы Латиф және Фатих Мусиндер қаланың басқа да көптеген меценаттарымаен қосылып ”Областные ведомости” газетін бастырып шығаруға 10 мың сом көлемінде алтын ақша қосқан екен. Мусиндердің осы газетінде кедейлердің тізімі үздіксіз жарияланып тұрды. 1881 жылы олардың саны 5 мыңға дейін жеткен. Оларды қолдау мақсатында қайырымдылық қорын созған Мусиндер жыл сайын алтынмен көмектесіп, осыған қосымша 1881 жылы әрбір кедейлік жеңген отбасына екі қап ұн, қырық келі қант, елу келі ет, шай және тұз бөліп беріп тұрған. Ағайынды Мусиндер, соныман қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяның адамдарын жылына бір рет көпес пароходымен Ертістен сонау Обьтың сағасына дейін тегін жеткізген. Бұған қосымша күніне төрт рет осы кедей-көпшіктерге есебінен асханадан тегін тамақ ұйымдастырған. Мусиндер халыққа білім беру ісін де өз қамқорлығына алған. Сондай-ақ спорттық ойындарды да өткізуге мұрындық болған. Мусиндар тасының өрге домалағаны соншалық, 1900 жылы Ресей мен Семей банкілерінің есеп шотында 50 миллион ақшасы болған. Құжаттар айғақтағандай, Мусиндер өз капиталдарын көптеген кәсіпорындарға салып отырған. Оның ішінде Змеиногорск мен Лениногорскідегі алтын өндіретін рудниктері де болған.

Мусиндер әулетінің арғы атасы – Садық. Ол 1793 жылы Қазан қаласында дүниеге келген. 1809 жылы ашаршылық құрсауынан қысқан бозбала астықты қала Семейге қоныс аударады. Оның әкесі Мұса өз кезінде Аляска меңгерушісі Григорий Шелоховтың көшірі болған кісі. Жалғыз ұлы Садықты бес жасынан оқуға беріп, қара танытады. Садық аса зерек, алғыр болып өседі. Әкесі баласын сауда ісіне баули бастайды. Оған ат-арба сатып әперіп, демалыс күндері таяу ауылдарды аралап ұн, шәй, тұз сияқты бақалшы саудаға қосады. Саудадан түскен ақшаға Садық ұсақ және ірі қара мал терісін сатып алады. Әкесімен қосылып тері илейді. Одан кеудеше, тұлып тігіп сатады. Әкесі 92 жасында қайтыс болады, баласы Садыққа 500 мың алтын ақша қалдырады.

Садық әке мұрасын жалғастырып, ұн тартатын зауыт салады. Сол кездің өзінде-ақ Германия мен Америка фирмаларымен келісім-шартқа отырып, жабдықтар орната бастайды. Мусиндердің ұн тартатын зауыты Ұлы Отан соғысы басталғанша үздіксіз істеп тұрған. Садық саудагер екі ұлы Фатих пен Латипті Ресейде оқытып, шетелде білім әперді. Олар әке ойлағандай инженер, математик, экономист болып шығады.

Кіші ұлы Латип Семей өзен портын құрады. Осы мақсатпен Ресейден пароходпен баржа сатып алып, жаз туа Обь сағасымен Семейге 15 пароход, 20 баржа жеткізеді. Ал келесі жылы кемелердің саны тағы үдей түседі. Семейде баржалар мен кемелер құрастыратын, жөндейтін шағын зауыт ашады. Осының арқасында ол ұзын аққан Ертістің мыңдаған шақырымына қожалық етеді. Баржаларға ұн артып, Сібірден қарағай тасиды.

Сондай-ақ, Қытаймен де сауда-саттық жүргізген. Латип сонымен қатар, Ертісте, жолаушылар кемесін ұстап, бірнеше жерден паром да ашады. Ол алтын ісімен де айналысып, Ресейде де, Қазақстанда алтын өндіретін кеніштер ашады, Көптеген кен қазбаларына қожалық етеді. Оның кеніштерінің саны 38-ге жеткен. Осының арқасында Змеиногрскіде, Өскеменде зергерлік бұйымдар сататын дүкен де ашады. Электр қуатын өндірумен де айналыса бастайды.

Беттер: 1 2 3 4 5 6