Қала саудагерлері

Орыс өнеркәсіп және тұрмысқа қажетті тауарларының қазақ даласына енуі олардың жаңа тұрмысқа тартылуына, қоныс аударып келген орыс шаруаларымен тығыз байланыс орнатуына жағдай жасады. Қазақтар өздеріндегі басы артық малдары мен оның өнімдерін өздеріне қажетті тауарларға ауыстыруға мүмкіндік алды.
Қазақ даласымен сауда қарым-қатынасы Ямышево (1720), Семей (1754), Железинск (1764) қамал кедендері арқылы жүрді. Аталған сауда қатынастары, әсіресе 1758 жылғы жоңғар мемлекеті талқанданғаннан кейін жедел қарқынмен дами бастады. Алғашқы ақшасыз саудада жалпы айырбас құны бір жылдық тоқты болды. Орыс саудагерлері қазақ даласына өз тауарларын шектеусіз әкелді. Олар мыс, темірден жасалған ыдыстар, әсіресе қырғыз-қайсақтар үшін шойын қазан, темекі әкелді.
ХІХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап-ақ қазақ даласындағы саудада ақша қарым-қатынастарының ролі арта түсті. Ақшамен сауда жсау әсіресе, қазақтарға тиімді болды. Сауданың осы түрі әр аймақтардағы уақыттардағы құнын біліп отыруларына мүмкіндік алды. Нәтижесінде, қазақтар да өз малдарының, оның өнімдерінің нақты бағасын айқындауға мүмкіндік алды.

Семей қаласында бірінші гильдиялы көпестер Ф.С.Афонин, А.Ф.Плещеев, Н. Масленников ұйымдастырған қалалық баспахана күні бүгінге дейін халыққа қызмет етуде. Ол 1854 жылы Семей облыстық баспаханасы деген статусқа ие болды.
1864 жылы 10 жылдық облыстың губернаторлық мерзімі аяқталған полковник Спиридонов Петр Михайлович қызметінен босап, орнына 1862 жылы майор шені бар Герасим Алексеевич Колпаковский (1819-1896) Семей облысының генерал-губернаторы болып, 15 жылдық мерзіммен Ресей императорының жарлығымен қызметке тағайындалды. Колпаковскийдің өзі Ресейдің Нижний Новгород қаласында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған Г. Колпаковский 16 жасында
1835 жылы Модлин жаяу әскер полкінде қатардағы солдат ретінде өз қызметін бастады. 1840 жылы Кавказ жағалауына түсірілген десант әскерлердің ішінде жүрді. Оған сол жылы прапорщик әскери шені берілді. Г.Колпаковский Кавказдағы әр жерден шыққан көтерілісгерді басуға да қатысты. 1849 жылгы Венгрия әскери компаниясында Германштадт қаласының тұсындағы шайқаста ерлік танытты. Қазақтар Колпаковскийді қатты сыйлады. Ол орыс, мынау казақ деп халықтарды бөлген жоқ, кіналары болса ұлтына қарамай қатты жазалады. Мал ұрласа дүре соқтырды. Оның ауыр жұдырығына талай орыстар да ұшырады, яғни қала тәртібін қатаң сақтады.
Павел Бурышкин Октябрь революциясына дейін Ресей көпестерінің басшысы болды. Бірінші гильдия көпес атағын беру грамотасына өзі қол қойып отырған. Сол бір өткен заманда Ресейде жалпы саны 229 коммерциялық училище болған. Олар экономистер, бухгалтерлер, технологтар, механиктер оқытып, білімі техникум немесе колледжге пара-пар дипломдар берген. Осы оқу орындарын, оқитындардың тамағын, жатын орындарын көпестер қаржыландырып тұрған. Бірінші гильдиялы көпес деген атақты біздің шаһарымызда тұңғыш рет 1833 жылы Мәскеуден Федор Сергеевич Афонин дейтін кісі алған. Ол бірнеше сауда дүкендерінің иесі болды.

Семей жері сауданың нағыз ортасы болғандықтан мұнда Орта Азия көпестері де көптеп келе бастады. Жыл сайын олардың саны өсе түсті. Кейбіреулері осы қалада мәңгі тұрақтап қалды, өйткені олар осы жерде өздеріне мол капиталдың қорын жинауға мүмкіндік алды. Олар туралы архив деректері де айғақтайды. Сол кезде жүргізіліп тұрған «Ведомость» мынадай деректерді ұсынады: «О жительствующих в г. Семипалатинске неверноподданых азиатских с показанием, кто из них производит торговлю и на какую сумму» (Ж.Касымбаев. История г.Семипалатинска (1718-1917 гг.).

Беттер: 1 2 3 4 5 6