1941-1945 жылдар

h12   1942 жылы ұн комбинаты салынып, іске қосылды. Семйеліктер майданға өте зор көмек көрсете отырып, қорғаныс қорын жасауға ат салысты. Тек 1942 жылдың қазан айында ғана қала халқы 2368 шолақ тон, 2537 пар пима, 8 мың әр түрлі нәрселерден тоқылған қолғап шұлық жинады. Соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін Семейдің ет-консервілі комбинаты Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

Семей обылыс соғыстың тек алғашқы жылдары ғана майданға 71 вагон сыйлықтар, азық-түліктер және 11 мың жеке адамдардың посылкаларын жіберді.

1941 жылы тамыздың 10 – на дейін қорғаныс қоырна облыс еңбекшілері 160 миллион сом қосты. Аякөз ауданы еңбекшілері 1200 пұт астық, 1080 пұт ет, 154380 сомның облигациясын қосты.

Соғыстың алғашқы екі жылында ғана облыс еңбекшілері танк колонналарын құру, самолеттер жасау үшін 32 миллион сом қаражат жиналды.
Отқа оранған батыс аудандардан көшірілген үш фабрика (Киев, Азов және Артем) негізінде қысқа мерзім ішінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды. Кеме жасау заводы, ет-консерві заводы, Н. Крупская атындағы «Красный кожевник», «Пимокат» артельдері, басқа да кәсіпорындар арнайы тапсырмаларды орындауға кірісті. Қараша айында Донбастан көшірілген Володарский атындағы тігін фабрикасы 12 күн өткеннен кейін майдан үшін өнім бере бастады. Фабрика коллективі тоқсандық жоспарды 104 пайыз орындады.

1941 жылдың күзінде қала кәсіпорындары майданға 62 өнім түрлерін жөнелтті. Семей аяқ киім фабрикасында 1942 жылы 435 мың 400 пар аяқ киім шығарылды. Соғыс жағдайында қалада 9 фабрика мен завод салынып пайдалануға берілді. 1942 жылдың қараша айында «Большевичка Украины» тігін фабрикасының ұжымына бірінші орын беріліп, жылжымалы Қызыл Ту табыс етілді.

Қала кәсіпорындары жұмысшылары мен қызметшілері қолхозшы шаруалардан көмектерін аяған жоқ. Соғыстың алғашқы үш жылында 20 мың семейлік облыс колхоздарына барып еңбек етті.

Беттер: 1 2