Семейлік Кеңес Одағының Батырлары

imgpreviewҰлы Отан соғысы (1941-1945) 1418 күнге созылды. Семей жерінен де талай боздақтар майдан даласына аттанып, олардың бірталайы туып-өскен Ертіс жағасына орала алмады. Тек дәм тартып, аман қалғандары ғана жеңіспен қайтты.
Семей қаласы Ұлы Отан соғысы жылдары ірі мобилизациялық орталық болып саналғандығы мәлім. Бұл қалада «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен тылдағы еңбеккерлер аянбай тер төкті. Ұрыс даласына азық-түлік өнімдері мен әскери құрал-жабдықтар жөнелтіліп отырды.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанынан 65 жылдан астам уақыт өтсе де, жылдар жылжып ұрпақ жаңарып жаста да, отты жылдардың оқиғалары халық жадынан өшпек емес. Жалпыға мәлім ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы болып саналатын Ұлы Отан соғысы көлемі және адам шығыны жөніннен дүниедегі ең жойқын, ең қырғын соғыс болды. Соғысқа 61 мемлекет тартылды, оған жер шары халқының 80 пайызы қатысты.
Семейден аттанған ер-азаматтарымыз Мәскеуді, Ленинградты қорғауға, Волга бойындағы, Курск даласындағы шайқастарға, партизан қозғалысына, Украина, Белоруссия, Балтық бойын, Молдавияны, сондай-ақ еуропалық мемлекеттерді азат етуге, Берлинді алуға, Жапон милитаристерін талқандауға белсене қатысты.
Осы соғыста 27 млн. адамның өмірі қиылды десек, соның ішіндегі 1 млн. 700 мың адам қазақстандық болған. Ал, осы көрсеткіштің ішіндегі 50 000 адам осы Семей жерінен аттанған қыршындар еді. Бір ғана қала үшін бұл аз көрсеткіш емес екені анық.
Семей өңірі бойынша 53 адам Кеңес Одағының Батыры атанды.

Аухадиев Қойгелді

Қойгелді Аухадиев 1907 жылы Семей облысы Көкпекті ауданының Өрнек селосындағы кедей шаруа семьясында туған. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 13- Армияның 6- гвардияшы Қызыл тулы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысады.
Гвардия кіші сержанты Қойкелді Аухадиев өзін ер жүрек те батыл командир – бронебойщик ретінде көрсете білді. Оның жауынгерлік есебі: жаудың үш танкін қиратты, екі танкін, оқ-дәрі тиелген үш жүк автомашинасын өртеп жіберді, өздігінен жүретін екі «фердинанд» зеңбірегін және расчетымен бес станокті пулеметін жойды.
Днепрден өткен кезде неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен қаһармандық ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Қаулысы бойынша кіші сержант Қойкелді Аухадиевке қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әбеуілов Мұқатай

Әбеуілов Мұқатай 1917 жылы Шұбартау ауданы, «Сарықамыс» ауылында туған. Соғысқа дейін «3-ші бесжылдық» кеңшарында жұмыс істеген. 1941 жылы тамыз айында Армия қатарына алынған. Соғыс кезінде 1–ші Белорус қатарының құрамында жєне 2,3,4–ші Украин соғысына қатысып үш рет жараланып, сауыққаннан кейін қайта өз қатарына қосылды. Зеңбірекші Мұқатай ерлігімен батылдығы үшін 1 дєрежелі Отан соғысының орденімен наградталған. 1944 жылы сәуір айында қатардағы Әбеуілов шабуылда қатты жараланды. Жарты жыл зеңбірекші – артиллерист әскери аурухана төсегінде жатады. Оған жарты жыл туған еліне барып қайтуға демалыс береді. Бірақ ол бас тартып, өзінің жауынгер достарына баруға асығады.
1944 жылдың күзінде Кеңес әскерлері румын – венгер шекарасына жетіп, Венгрия жерін қорғауға қатысты. Ұрыс басталып артеллиристер әскери бұйрықты өтеуде, жаудың ойлануына мұрша бермеді. Мұнда ерекше көзге түскен нысаншы М. Әбеуілов болған, зеңбірекшілер тобы болды. Аз уақыт ішінде М.Әбеуілов 4 танкіні жойды, 4 бронетранспортерді, 50 шақты жаудың көзін жойған. N 179754 артиллеристер қаумының ерліктері туралы жаңалық бүкіл корпусты дүр сілкінтті. Ержүрек нысаншы М.Әбеуілов Венгрия территориясына жаудың ересен зор күшін жєне техникасын өткізбей қатты тойтарыс берді.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10