Семейлік Кеңес Одағының Батырлары

Жергілікті пункттер Бихор-Уцрван, Епископа-Бихар, Тепе, Надьколло қаласын азат ету кезінде ерекше көзге түсті. Қиян-кескі шайқастарға жаяу әскерлермен бірге шығып, өз қаруымен қорғап жүрді. 1944 жылы қазан айының 8-нен 26 – на дейін аралықта М.Әбеуілов өз қаруымен 3 ірі калибрлі зенитті қондырғыларды, 2 танкіні, 2 минаметті батареясын, 3 зеңбіректі, 6 автокөлік, 60 шақты фашистердің көзін жойды.
1944 жылы 6 желтоқсанда М.Әбеуілов ұрыста ерлікпен қаза болды.
Ол Венгрияның Махора деген жергілікті пунктінде жерленген. Соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы әскери тапсырманы орындағаны үшін сержант М. Әбеуіловке жоғары Кеңес Президиумының Қаулысы бойынша 1945 жылы 28 маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бекбосынов Серікқазы

Бекбосынов Серікқазы 1925 жылы Семей облысының, Абай ауданының, Архат ауылында туған. Соғысқа дейін жұмысшы болып істейді де 1943 жылдың қаңтарында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Карелия майданының 99 гвардиялық дивизиясының 300 гвардиялық атқыштар полкінің жауынгерлері сапында шайқасқа кірген он сегіз жасар жерлесіміз 1944 жылдың жазында Свирь өзенінен өтіп, қарсы жағадағы қалың орман ішінде орналасқан жаудың құпия бекіністерін ашу тапсырылған. 12 ержүрек ерікті жауынгерден құрылған десантқа мүше болды. Осынау қауіпті де қатерлі тапсырманы орындау кезіндегі көзсіз батырлығы, жауынгерлік және саяси тәрбиеге беріктігі негізінде жасалған таңғажайып ерлігі, қаһармандығы үшін 1944 жылы 21 мамырда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батырлар Свирь өзеніне түсісімен жау тұрған жақ қозғала бастады. Бірнеше сал жағада тұрғанда-ақ қирады. Бекбосынов өзінше шешім қабылдап суға секіріп түсті де, арғы бетке жүзіп шықты. Финдер батырларға минометтен, артиллериядан оқ жаудырды, пулеметтер зіркілдей бастады. Көп кешікпей ер жүрек жауынгерлер шағын плацдармға ие болды. Фашистер жеті рет қарсы атакаға шығып, біздің жауынгерлердің күші басым жаумен жеті рет ұрыс салуына тура келді. Алайда, Бекбосынов пен оның достары қолға түсірген әр сүйем жерді қорғап қалды. Ол 1979 жылы көктемде сол қаһарлы жылдардың қанды шайқастары жүрегіне салған ауыр зардаптан мезгілсіз қайтыс болды.

Белібаев Закария

Белібаев Закария 1917 жылы Семей облысының, Абай ауданы, Архат ауылында туған. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылды. Отан соғысының түрлі майдандарында ұрыстарға ќатысады. 60- армияның әскерлері тегеуірінді шабуыл жасап, шегініп бара жатқан жауды қуа отырып, Днепрден өту тарихы басталды.
21 дербес понтон-көпір жасау батальоны өзеннен әскерлерді өткізуді қамтамасыз ету жөнінде бұйрық алды. Понтоншы З.Белібаев ерекше көзге түсті. Түн жамылып қайықтарға, понтондарға, салдар мен басқа да қолдан жасалған құралдарға әскерлер, техника мен оқ-дәрі тиеледі.
Фашистер судан өтіп келе жатқандарды ерте байқап қалды да, оқ жаудырды. Көп адам жараланды. Десант тобының командирі де ауыр жарақат алды. Понтоншы З.Белібаев топты басқаруды өз қолына алды. З.Белібаев өзен үстіндегі шайқаста қайық тесіктерін тығындап, понтондарды сақтады, құтқаруда жауынгерлерді ұйымдастырды. Ақыры жағаға жетіп, гитлершіл-фашистерге тойтарыс берілді. Дұшпанның бората жаудырған оғы астында З.Белібаев бірнеше тәулік бойы мұздай суды кешіп, бір бөлімшеден соң екінші бөлімшені біздің қолымыздағы плацдармға өткізіп отырды.
Плацдарм бір сағат сайын кеңейтіліп, нығая берді. Біздің бөлімшелеріміз қосымша қуатты күш алып, гитлершілерді батысқа қарай ығыстырып тастады. Днепрден өткен кезде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін аға сержант З.Белібаев бірнеше тәулік бойы мұздай суды кешіп, бір бөлімшеден соң екінші бөлімшені біздің қолымыздағы плацдармға өткізіп отырды.
Плацдарм бір сағат сайын кеңейтіліп, нығая берді. Біздің бөлімшелеріміз қосымша қуатты күш алып, гитлершілерді батысқа қарай ығыстырып тастады. Днепрден өткен кезде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін аға сержант З.Белібаевқа 1943 жылы 10 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс аяқталғаннан кейін еліне оралып, кейіннен қайтыс болды.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10