Семейлік Кеңес Одағының Батырлары


Будник Г.Д.

Будник Гавриил 1924 жылы Жарма ауданының, Георгиевка селосында туған. 1942 жылы майданға аттанып, 8–атқыштар дивизиясының құрамында шайқасады.
иевтің солтүстігінде Мнево участогінде – Припять өзенінінің сағасында Днепрден бірінші болып 13 армияның әскерлері өтті. Ауыр жағдайда өзеннен тез және кенеттен өтуді қамтамасыз ету қажет болды. өзеннен өтуге әзірлену үшін командование барлауға жібергендердіњ бірі Г.Будник еді. Ол нөсер жаңбырдың астында бөренеге отырып оң жағаға өтеді. Өзеннен тез өтуге ыңғайлы орын белгілеп, жаудың орналасқан жерін анықтап алды да, ержүрек жауынгер қайта оралады. Сөйтіп ол бүкіл полктің адам құрамының өзеннен өтуіне үлкен жәрдемін тигізді.
1943 жылдың 24 қыркүйегінде Г.Д.Будникке Днепрден өткен кезде көрсеткен ерлігі, тапқырлығы мен батылдығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Г.Будник Деснадан өткен кезде тағы да үлкен ерлік, тапқырлық пен батылдық көрсетті.
1945 жылы Г. Д. Будник Киевтің авиация училищесінде оқыды, оны бітіргеннен кейін авиация бөіліміне қызметке жіберілді.

Бурлаченко Степан Филиппович

Бурлаченко С. 1914 жылы Семей облысы, Ново-Шульба ауданының Алексеевка селосында туған. Соғысқа дейін слесарь, шофер болып жұмыс істейді. Қызыл Армия қатарына 1942 жылы қаңтарда шақырылды. Батыс, Сталинград, 1–Белорус майдандарындағы ұрыстарға қатынасады. 1943 жылы екі рет жараланады.
1945 жылдың басында поляк жерінде кескілескен ұрыстар болып жатты. Неміс-фашист командованиесі совет әскерлерінің фашистік рейхқа баратын жолындағы соңғы бөгет – Польшадан айрылып қалудан қорықты.
1945 жылдың басында Суворов орденді Қызыл Тулы 47–ші гвардиялық Умань танк бригадасы құрамында танк жүргізуші механик С.Ф.Бурлаченко Польша территориясындағы кескілескен шайқастарға қатысты.
1945 жылы 16 қаңтарда таң ата жүргізуші – механик Бурлаченконың машинасы бар «Т-34» танктер тобы қалаға кіретін жолдарды барлап, қаланың батыс жақ шетіне кіріп, жаяу әскер бөлімдері келгенше сол арада бекінуге бұйрық алды. Қаланың шет жағында қызу шайқас басталады. Ұрыс қыза түскен кезде танк командирі оққа ұшты.
«Танкті басқаруды қолыма аламын»- деді Бурлаченко. Қазақстандық жауынгер шеберлікпен басқарған қуатты машина шынжыр табанымен фашистердің үрейін ұшырды. Бурлаченко өзінің машинасын батылдықпен гитлершілердің соғыс техникасы мен ат-арба колоннасына қарай тура бағыттады. Колоннаның ойран-топыры шықты. Оның ер-жүректілігі мен тапқырлығы арқасында жауынгерлік тапсырма орындалды. Ол өз танкімен қалаға бірінші болып еніп, соғыс операциясының аяқталуына үлес қосты.
1945 жылғы 27 ақпандағы ұрыста көрсеткен батырлығы мен тапқырлығы үшін гвардия кіші сержанты С.Ф.Бурлаченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін бейбіт еңбекке оралды. Семейдегі N6 автобазада шофер болып жұмыс істеді. Кеңес Одағының Батыры Степан Бурлаченко 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Буторин В.

Виктор Васльевич Буторин 1898 жылы Семей қаласында туған. Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың қарашасында шақырылды. 16–гвардияшы атты әскерлер дивизиясының құрамында Сталинград және Орталық майдандарда ұрыстарға қатысады, үш рет жараланды. Ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен, «Ерлігі үшін», «Сталиградты қорғағаны үшін» медальдарымен наградталды.
1943 жылдың жазы мен күзінде гвардия аға сержант Буторин күптеген қызу ұрыстарға қатысты. Әр ұрысқа қатысқан сайын оның жауынгерлігі шыңдалып, даңқы арта берді. Виктор Буторинді әрқашан да ең жауапты және қауіпті тапсырмаларды орындауға жіберілді.
1943 жылдың ұмтылмас күзінде Орталық майданның сол жақ қанатындағы әскерлер қолда бар заттарды пайдаланып, Деснадан өтті де Черниговқа кіре берісте ұрысқа қатысты. Чернигов түбіндегі ұрыстарда 16–гвардияшы атты әскер дивизиясының 62–гвардияшы атты әскер полкінің взвод командирі аға сержант Буторин тағы да көзге түсті. Шабуылшы топтың алдында келе жатқан взвод дұшпанның минометтен, пулемет пен мылтықтан нөсерлете атқан оғына тап болды. Жаудың өздігінен жүретін «Фердинанд» зеңбірегі жақын жерден үдете оқ жаудырып, біздің бөлімшелеріміздің алға басуын тежеді. Тәжірибелі жауынгер Буторин жаудың бората атқан оғының астында қалуға болмайтынын түсінді.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10