Семейлік Кеңес Одағының Батырлары

13 – армияның қарамағында қимыл көрсетіп жүрген ранецті огнеметтердің 47- дербес батальоны 1945 жылы 2 ақпанда жаудың мықты бекінген қорғанысын бұзып, Штайнау қаласын басып алатын жаяу әскерге көмектесуге бұйрық алды.
Қызыл әскер Рубусин жаудың тірек пункттерін жоятын штурмшы топтың алдыңғы қатарында болды. Рубусин автоматтан атып, гранат лақтырып, тағы 15 гитлершіні сулатып салды, бірақ өзі жау оғынан қаза тапты.
Фашист басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1945 жылы 10 сәуірде қатардағы солдат Сергей Рубусинге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Середин Федор Яковлевич

Федор Середин 1918 жылы 15 ақпанда Семей облысының Бородулиха селосында туған.1935 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1937 жылы Ташкенттегі әскери училищені бітіріп, лейтенант атағын алды. 1940 жылы ақ финдерге қарсы ұрыстарға қатысты,шаңғышылар батальонының командирі болды. Жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін, «Ерлігі үшін» медальімен наградталды. Ақ финдерге қарсы соғыс аяқталғаннан кейін, Куйбышевтегі әскери ччилищеде оқытушы болып істейді. 1943 жылы ақпан айында майданға келді.
24 – гвардиялық әуе-десант полкінің 1 –атқыштар батальонын басқара отырып, қалтқысыз қаһармандығымен және ерлігімен көзге түсті. 1943 жылы қазан айында Ф.Я.Серединге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, Ленин орденімен марапатталды.
1943 жыл… Кеңес әскерлері дұшпанның қарсылығын басып жанша отырып, Днепрге қарай бөгеусіз жылжи берді. Ер жүрек гвардияшылар бір күннің ішінде қарсы атаканың үшеуін тойтарды. Гвардияшылар төзімділік жасап, табандылықпен айқасып, жеңіп шықты.

Силин Н.Н.

Николай Силин 1922 жылы 10 желтоқсанда Семей қаласында туған. 1941 жылы Н. Силин Қызыл Армия қатарына шақырылып, Алматыдағы әскери училищеге жіберіледі. 1942 жылғы март айында 8-атқыштар дивизиясының құрамында лейтенант атағын алып, майданға аттанды. Атқыштар взводына, ротасына, батальонына командир болып, Курск иніндегі ұрыстарға, Десна мен Днепрден өтуге, Еуропаның бірқатар елдерін азат ету жорығына қатысты.
Курск иінінде болған шайқас кезінде дивизия біздің армиямыздың оң жақ қанатында қорғанып, Орел-Курск темір жолының бойындағы маңызды учаскелердің біріне тосқауыл жасап тұрды. Ұрыстарда көрсеткен ерліктері мен табандылықтары үшін дивизияның 400 – ден астам солдаты мен офицері ордендермен жєне медальдармен наградталды. Наградталғандардың ішінде 151- ші атқыштар полкінің рота командирі аға лейтенант Силин де бар еді.
1943 жылы қыркүйекте 151 – полктегі капитан Н.Силиннің 1 – батальоны қолда бар қажет құрал жабдықтарымен өзеннен алдымен өтіп шықты да, плацдармды басып алды. Біздің жауынгерлерімізді Днепрге тоғыту үшін жау барлық айла – шарғысын жасап бақты. Фашистер зеңбіректері мен минометтерінен оқты қарша боратты. Осындай қиын қыстау кезеңдерде капитан Силиннің батальоны көп шығынға ұшырады. Батальон гитлершілердің қарсы атакасының бәрін де тойтарып, жауға бір қадам да жер бермеді. Днепрдің оң жағалауында берік бекініп алған батальон дивизияның өзеннен өтуін қамтамасыз етті.
1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ленин орденімен, Қызыл ту, А.Невский, 1 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Соломатин А. И.

Александр Соломатин 1922 жылы 29 тамызда Семей қаласында туған. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ ол армия қатарында, 1942 жылдан майданда болды. 1945 жылғы 10 сәуірде А.И. Соломатинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Атқыштар ротасының командирі аға-лейтенант Александр Соломатин 17–гвардиялық Қызылтулы Суворов орденді механизацияланған бригаданың құрамында жауынгерлік үлкен де даңқты жолдан өтті.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10