Майдан хабарлары «Екпінді» газетінің беттерінде

h15    1940 жылы «Екпінді» газетінің Бүкілодақтық көрмеге қатысуы басылымның сол кездегі беделінің айғағы болса керек (Молдашева, 82). Ұлы Отан соғысы жылдарында соғысқа аттанған азаматтардың ерен ерлігі жайлы «Майдандағы қазақ батырлары» деген айдармен жауынгерлердің ерлік ісін, батырлық, қайсарлық өнегесін баяндайтын мақалалар жиі басылып тұрды. Сондай-ақ Семей өңірінің ақын-жазушылары да өз өлең-жырларымен халықты рухтандырып, Ұлы Жеңіс үшін мадақ жырларын төгілтуде С.Әлімбетов, Н.Баймұратов т.б. семейлік ақындар өлең-жырларын соғыс тақырыбана арнады. Соның айғағы ретінде ақын Төлеу Көбдіковтің «Екпінді» газетінің 16 апрельдегі номерінде жарияланған «Ер еңбегі елге мақтан» деп аталатын өлеңі Халық жазушысы, жерлесіміз Әзілхан Нұршайықовтың «Семей жігіттері Отан үшін ұрыстарда» мақаласындағы мына бір өлең жолдары:

«Жігітіміз Семейдің шығыстағы,
Өрлей түсер майданда ердің бағы,
Ойрандадық ордасын немістердің,
Талай зұлым дұшпанның сынды сағы»,-деген жыр жолдары жерлестеріміздің ерліктерін паш етеді.

1945 жылдың Ұлы Жеңісті әкелген 9 мамыры күні газеттің кезектен тыс саны шығарылды. «Ұлы Жеңіс жасасын!» деген жалпы тақырыппен фашистік Германияның Кеңес қарулы күштерінің алдында тізе бүккендігі, 9 мамыр – Жеңіс мерекесі болып жарияланғандығы туралы хабарлар, облыс еңбекшілерінің майданда және тылда жеңіске қосқан үлесі туралы мақалалар берілген.

Әдебиеттер тізімі:

Нұршайықов Ә. Семей жігіттері Отан үшін ұрыстарда // Екпінді.- 1944.- 7 ноябрь.
Иманжапар М. Халық поэзиясы отты жылдарда// Семей таңы.- 2005.- 13 мамыр.- б.2
Майдангер қаламгерлер: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына: анықтамалық.-Алматы, 2010.-136 б.
Молдашева Р. «Сарыарқадан» Семей таңына» дейін.- Семей, 2004.-83-86 б.
Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Библиографиялық құрал.- Семей: Талант, 2010.- 3.
Семейдің Ертіс өңірі соғыс жылдарында // Семей таңы.- 1995.- 18 ақпан.- б.2

Беттер: 1 2 3