Қала экономикасының тарихы

Graph With Stacks Of Coins   2011 жыл бойы өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағада 109,5 млрд.теңгеге тауар өнімін өндірді, ол 2010 жылдың тиісті кезеңінен 14,8 млрд.теңгеге немесе 15,7%-ға жоғары. Нақты көлемнің индексі 100,5 %-ды құрады. Бүгінгі таңда өнім өндірушілердің 90 пайыздан астамы – жекеменшік, ұжымдық кәсіпорындар немесе акционерлік қоғамдар. Жүргізілген реформалар «Семей сусыны ЖШС, «Ромат» ЖШС, «Саян ЖШС, «Метиз фурнтитура заводы» АҚ, «Роза» ЖШС (бұрынғы пима-киіз бұйымдары комбинаты), «Ертіс» АҚ (бұрынғы үйрек фабрикасы), «Мирас» ЖШС (бұрынғы «Большевичка» АҚ өндірісінің бір бөлігін сатып алған), сияқты кәсіпорындарда оң нәтижелер берді.

Семей экономикасын дамытуда «Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС былғары өндірісін қайта жаңарту, «Игеру ШҚ» ЖШС-теміржол тежегіш қалыптарын өндіру және «СемАЗ» ЖШС трактор өндірісін ұйымдастыру жөнінде жаңа жобалар іске асырылуда. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1506 болды, бұлардың ішінде 969 белсенді жұмыс істейді.

Семей қаласы өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығын да жүргізетін қалалардың бірі болып табылады. Жерге егін егіп, дәнді дақылдар, күнбағыс, көкөніс дақылдарымен, картоп, жемшөп дақылдарымен қала және маңайындағы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Қала маңындағы «Приречное», «Жаңа Семей», «Шаған» ЖШС, «Кроман» және «Шанс» шаруа қожалықтары табысты еңбек ету үлгісі көрсетіп отыр.

Байқалып отырғандай, Семейдің келешекте де даму әлеуеті зор. Тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде аяғынан тік тұрған кәсіпкерлік жоғары қарқынмен дамып, еліміздің өркендеуі жолында қызмет атқаруда. Кәсіпкерліктің дамуына жол ашатын түрлі идеялар арқасында экономикамыз бүгінде тұрақты даму үстінде. Өзіміздің әр қадамымызды Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстан-2030» стратегиясынан туындайтын негізгі талаптармен және қағидалармен салыстыра отырып қала халқы өңірдің гүлденуі үшін аянбай еңбек ететін болады.

Әдебиеттер:

Аймақ экономикасының кепілі: (өңірлік экономиканың жаңа моделі туралы) // Семей таңы.-2011.-23 ақпан.-1 б.
Асылжан П. Өңірдің іскерлік әлемін біріктіруде пәрменді қимыл бар [Текст] : ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов бастаған Үкімет мүшелері Семей өңірінде болды // Семей таңы. – 2007. – 8 наурыз. – С. 1
Қасымжанұлы, С. ”Семей” экономикасы өрлеу үстінде [Текст] / С. Қасымжанұлы // Ертіс өңірі. – 2009. – 13 мамыр. – С. 3
Кәрімов А. Халық үшін аянбай еңбек етуіміз керек // Семей таңы.-2011.-23 ақпан. Сейсенов Д. Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-401 б.
Семей қаласы әкімінің 2011 жыл бойынша өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы жөнінде қалалық мәслихат сессиясында баяндайтын есебінің міндеттері // Семей таңы.-2012.-28 ақпан.-2 б.
Кузнецова З.В. Семипалатинская область.- Алматы, 1961.- 210 с.
Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы: (қалалық статистика орталығының мәліметтері).- 2001 жыл.

Беттер: 1 2 3