Қала кәсіпорындары

Кәсіпорын Кеңестер Одағы бойынша үздік өндіріс орны болып танылады. Осы бірлестік шарықтап тұрған шағында онда үш мыңдай адам еңбек еткен. Өкінішке қарай, осындай іргелі кәсіпорын 90 – жылдардың басында нарық заңына байланысты үлкен өзгерістерге бейімделе алмай, жабылып қала жаздаған кәсіпорынды аяғынан тұрғызу барысында комбинатқа қаржылық көмек көрсеткен «ТұранӘлемБанкінің» Семей филиалы болды. Бүгінгі күндері Семей тері – мех комбинатының тауарларын қымбат бағалы әйгілі шетелдік өнімдерден айыра алмайсыз. Сапалы тігілген тондар, түрлі түске боялып көздің жауын алатыны былай тұрсын, соңғы сән үлгісінде тігіледі.

Жоғары жетістікке жетудің бір сыры өндірістің құрал-жабдықтарының толық жаңартылуы. Сонау 30 – шы жылдардан 1991 жылға дейін қолданылып келген жабдықтар, әрине талаптарға сай емес еді. Нарық жүйесінің талаптарына сай сұранысқа киім, аяқ киім және кейбір мүлік түрлеріне тері илеп, тігуді комбинат толық қолға алды. Комбинаттың толық аяғынан тік тұрып кетуі үшін облыстық бюджет пен «ТұранӘлемБанкінен» 1 млн.150 мың АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілді. Итальяндық «Mostardini» «Cartigiano Mosconi» фирмаларының испандық ”Olcina” технологяилары сатып алынды.

Қазіргі уақытта өндірістегі тері заводының отандық алты аяқ киім фабрикасын былғарымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Аяқ киімге арналған былғары бұл күндері түрлі түсті, жұқа немесе қалың, созылуға икемделген немесе экологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай сапалы шикізат. Қазақстанда киім-кешекке кететін терінің тұтыну көлемі жылына 318 миллион дециметрді құрайды. Бұл, яғни жыл сайын осыншама көлемдегі өндіріс орны мен тұтынуды өзге елге береміз деген сөз.

Комбинаттың қой терісін өңдеу цехында бір ауысымда бір жарым мың қой терісі өңделіп шығарылуда. Өнім сұранысын арттырып, ойлаған істердің нәтижелі аяқталуы үшін комбинат мамандары барлық күш-жігерін жұмсап, үлкен ізденіс үстінде келеді. Цех шеберлері белбеу, сөмке, унты тағы басқа ұсақ-түйек былғары – тері бұйымдарын жасаумен айналысуда.

Комбинат еліміздің қорғаныс саласымен, құқық қорғау органдарымен, теміржолшы, мұнайшылармен және басқалармен арасында байланыс нығая түсіп, олардың тапсырысына орай, өнім түрі көбейіп қана қоймай сапасы да арттырылуда. Тон, шолақ тон, астарына мех салынған пальто, куртка, арнайы костюм-шалбардың әр мамандықтың ыңғайына қарай өзіндік үлгісі бар. Комбинат Қазақстандағы теріні өзі өңдеп, өзі дайындап өнімдер шығаратын бірден бір кәсіпорын. Мұндай өндіріс орындары, тіпті бүкіл ТМД кеңістігінде некен-саяқ кездеседі. Комбинатта теріден тігілетін киімнің бар түрі аяқ киім, мебель сияқты толып жатқан тұтыну тауарлары өндіріледі.
Комбинат 2001 жылы ел тәуелсіздігінің он жылдығына орай «Қазақстан белгісі» деген атпен Астанада өткізілген тауар өндірушілердің республикалық көрмесінде «Алтын сапа» белгісі жүлдесін жеңіп алып, арнайы дипломды иеленді.

Әдебиеттер:

Рахымғалиев Ж. Семей сыйы// Егемен Қазақстан.- 2001.- 30 мамыр. –7 б.
Семей талай тұлғаларымызды түлеткен қала // Семей таңы.-2012.-7 ақпан.-1 б.
Смайлов Е. «Спилоктың» құны – 250 мрд-тенге: («Былғары-мех комбинтаты» ЖШС-ның директоры Ж.Рахымғалиевпен сұхбат) //Ертіс өңірі.-2006 жылы.-12 б.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9