Сейсенбаев Роллан 1Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық атқару комитетінде қызметтер атқарған. М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғарғы курсты бітірген.
Қазақ жазушысын өз жұрты ғана емес, өзге жұрт та таныды. Оның «Тау басында түсйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. «Всего одна ночь», «Нсли хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.
Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп қойды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды.
Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзім іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.

Әдебиеттер:

Сейсенбаев, Р. Бар мен жоқтың өлшемі бар өзінде // Ертіс өңірі . – 2010. – 14 сәуір. – Б. 10
Сейсенбаев, Р. “Жидебай – қазақ рухының Отаны” // Ертіс өңірі. – 2011. – 1 маусым. – Б. 8
Жұртбай Т. Елі үшін еңіреген жүрек // Қазақ әдебиеті.-2006.-20 қазан.-11 б.
Зекенұлы Қ. Жазушымен кездесу // Семей таңы.-2001.-9 ақпан.-5 б.
Кеңесбаев, Т. Асау, жүрек алқынба… [Мәтін] / Т. Кеңесбаев // Ертіс өңірі. – 2015. – 14 қаңтар. – Б. 10

Роллан Сейсенбаев: бейнепрезентация