Өлкетану қонақжайының мақсаты – өлке тарихын зерттеушілер, коллекционерлер және шығармашылықпен айналысатын адамдардың бейресми жағдайда қарым-қатынас  құрып, қала тұрғындарына, әуесқойларға қала тарихына байланысты білімдерін насихаттау.

«Өлкетану қонақжайының» кездесуі әр айдың үшінші жексенбісінде сағ. 11.00-де өтеді.

Клуб мынадай бағыттарбойынша жұмыс істейді:

– «Өлкетанушылар қоржынынан», өлкетанушылардың  қызықты зерттеулері  мен археологиялық  табыстары жайлы

– «Өлке зерттеушілерімен кездесу» клуб мүшелерінің бір-бірімен  жақынырақ танысуы, өз білгендерімен қала тұрғындарымен бөлісу,  қызықты коллекциялары жайлы әңгімелеу

– «Кітапхананың сирек қорынан» бөлімі қала тұрғындарын кітапханамыздың сирек қорында сақталған ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өлкеміз жайлы жарық көрген әдебиеттермен таныстырып, өлкеміздің тарихы жайлы білімдерін тереңдете түсуіне көмегін тигізу.

 

Байланысшы: Парфенович Марина Ивановна

Ақпараттық-библиографиялық  қамтамасыз ету бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-43-07,  87079611600

e-mail: ibo.bibliotekaabaya@yandex.ru