Аудармашылар клубы

Клуб миссиясы: Аударма жасау арқылы жастардың тілдік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мақсаты: Аударма саласындағы шығармашыл тұлғалардың басын біріктіру.

Міндеттері:
– есте сақтау қабілетін дамыту;
– ғылыми-танымдық мәтіндер, поэзия, көркем әдеби шығармаларды аудару тәсілдерін меңгеру;
– аудармамен қатар тілдерді үйрену (қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдер);
– аударма ісін мәдениаралық қарым-қатынастың бір түрі ретінде қарастыру.

Қызметтері:
– тақырыптық кездесулер өткізу;
– аудармалар жинағын құрастыру (клуб мүшелерінің аударма туындылары);
– көркем аударманың теориясы мен тәжірибесін зерделеу;
– шет тілдерін үйренуге бағытталған тәжірибелік сағаттар (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.);
– жасалған аудармаларды кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде орналастыру.

2017 жылға арналған іс-шаралар:

1 Аударма мерекесі тіл білгірлерімен сұхбат наурыз оқу залы
2 Клуб басқосуы клубтың кезекті отырысы мамыр оқу залы
3 Аударма – көптілдік пен мәдениетаралық қарым-қатынас негізі (халықаралық аудармашылар күніне орай) мерекелік кеш қыркүйек оқу залы

8

Берікболова Акмейір Ахметбекқызы 06.01.1994 жылы, Алматы облысында дүниеге келген. Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің 5-курс студенті. Оның болашақ мамандығы – врач гигиенист эпидемиолог. Оның қызығушылық әлемі сан түрлі, бірақ біраз уақыттардан бері аудармашылық іске қызығушылығы оянып, Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған аудармашылар клубына мүше болды. Оның алғашқы әдеби аудармасы “Қыпшақтардың және Ертіс өзенінің атауының шығу тегі” – жайлы болды.

Аңыздар мен ертегілер елінде. Қазақтың топономикалық аңыздары

Легенда о происхождении кыпчаков и названия реки Иртыш

 

 

 

9Табулдин Мерейнұр – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Аударма Ісі» мамандығының 3 курс студенті. Облыстық Абай атындағы кітапханасында жұмыс істейтін аудармашылар клубының мүшесі болып табылады. Тікелей ағылшын, испан тілдерінен көркем әңгімелерді, аңыздарды аударумен шұғылданады. XX ғасырдың белгілі Перу жазушысы Мануэль Рикардо Пальма Сорианоның аңыздық сарында жазған шағын екі және бір әңгімесін аударды. Мануэль Рикардо Пальма Сориано ұзақ жылдар бойы кітапхана басшысының қызметін атқарып келген. Ол алғаш рет барша қауымның назарына «Anales De La Inquisicion De Lima: Estudio Historico» атты Перу вице-патшалығында орын алған испан инквизициясы жайлы жазған еңбегімен ілінді. Кейінірек жазушы “Tradiciones peruanas”, яғни “Перуандық дәстүрлер” деп аталатын бірқатар аңыз-әңгімелерден тұратын еңбегін паш етті.

Командирдің балтыры /Отумба батальонының үшінші басшысының Герона батальонының екінші қомандиріне жазған хатынан үзінді              
Қаршадай тұл /Мануэль Рикардо Пальма Сориано                    

Маргаританың  көйлегі /Мануэль Рикардо Пальма Сориано

Сырылған көрпе /Дороти Канфилд Фишер