Ағылшын тіліндегі сөйлесу клубы – бұл адамдармен кездескенде  бейресми тұрғыда ағылшын тілінде қарым-қатынас орнату үшін тамаша мүмкіндік орыны болып  табылады. Ауызекі тілде ағылшынша сөйлеу мәдениетіңізді арттырғыңыз  келсе, біздің клубқа мүшелікке қосылыңыз! Ауызекі сөйлеу дағдысын арттыруға бағытталған «Speaking English Club» сөйлесу клубында нақты өмірге қатысты ағылшын тілінде тілдік дағдыңызды қалыптастыруға мүмкіндік аласыз. Ағылшын сөйлесу клубы ағылшын тілін меңгеру деңгейлері әртүрлі, барлық жастағы кітапхана пайдаланушыларына  бағытталған.

Клуб есігі – барлық ниет білдірушілерге сенбі күндері 14:00-16:00 аралығында ашық! Клубтың негізгі мақсаты: тіл жетілдіру, мәдени және тілдік мұраны  насихаттау, сондай-ақ ағылшын тілінде қарым-қатынас жақсы көретін, барлық ұлт өкілдері арасында жақсы қарым-қатынас құру. Қызметі: тіл жанашырларымен кездесу, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру; ойын, байқаулар ағылшын тілінде, ағылшын тілінде сөйлеу үшін  тіл дамыту сабақтарын өткізу, АҚШ, Ұлыбритания елдерін  ағылшын тілінде  тану.

Байланысшы: Валиуллина Асия Ринатқызы

Шетел әдебиеттер бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-43-07

e-mail: shetel.bolimi@yandex.kz