Біз ланкестікке қарсымыз

Терроризм – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террористік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын әрекет. Терроризмнің мақсаты – мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда-саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Кітапхана, әлеуметтік институт ретінде терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимылды жүзеге асыруы тиіс.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы терроризмге қарсы  төмендегідей шаралар ұсынады:

– Діни экстремизм мен терроризм  тұрақтылыққа төнген қауіп: дін қызметкерлерімен кездесу
– Ислам – ынтымақ пен бірлік жолында: дәріс
– Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы:  мерзімді басылымдар көрмесі
– Террор құрбаны – балалар: ақпараттық сағат
– Абайла, лаңкестік!: ақпараттық стенд
– Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама