Терроризм – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террористік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын әрекет. Терроризмнің мақсаты – мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда-саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.

Кітапхана, әлеуметтік институт ретінде терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимылды жүзеге асыруы тиіс.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы терроризмге қарсы төмендегідей шаралар ұсынады:

  • Дін – адамгершілік тірегі: көрме-толғау
  • Терроризм – бейбітшілікке қауіп төндіреді: ақпараттық сағат
  • Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қасірет: басылымдар көрмесі
  • Құқық және бізақпараттық сағат
  • Заң мен ар-намыс кодексі (сыбайлас жемқорлықпен күрес): ақпараттық сағат
  • Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс: көрме-алдын ала ескерту
  • Жастар экстремизмге қарсыбейне сағат
  • Дін және қазіргі заман қоғамы: руханият сағаты
  • Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама