Суретшілер

40   Өнердің ең биік шыңдарының бірінен саналатын бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары қашанда өркен жайып, даму жолында. Семей өңірінің де қылқалам шеберлерінің озық үлгілі шығармалары республикамыздың, қаламыздың сурет галереяларынан орын алып Семей халқының рухани қажеттілігіне айналған. Экономикамыздың өркендеуі де өнердің дамуына байланысты. Өнері бар елдің әл-ауқаты да көтерілетіні сөзсіз.

Семей қылқалам шеберлерінің қай-қайсысын алсақ та қазақ бейнелеу өнеріне келу жолында өздерінің шығармашылық тұлғаларын қалыптастыруда туған жер, ұшқан ұя ортасынан дарыған дәстүрлі– рухани тәрбиелерінен бастау алып, оқумен аяқтап, шығармашылық жолымен дара шыққан суретшілеріміз көптеп саналады. Олардың ішінде атап айтқанда, Нұрбұлан Өтепбаев, Мұратбек Жанболатұлы, Ғұмар Макаров, Александр Шевченко тағы басқалары суреттерінің тек өздеріне ғана тән жеке таңдалып алынған тақырыптарын әдемі түрде шынайы жеткізе білген. Семей жұртшылығының мәңгілік қасіретіне айналған, ядролық полигон зардабын шеккен елі мен жері А. Шевченконың бүкіл шығармашылығының өзегі десе де болады. Ал суретші Нұрбұлан Өтепбаевтың картиналарында қазақ жеріне тән әдемі пейзажды, дала тылсымын әсерлі бояусыз, графика түрінде шынайы жеткізген. Кең жазира даланың әсем келбетін, сыр-сипатын беру арқылы еліміздің табиғатын Ғұмар Макаров асқан сүйіспеншілікпен бейнелейді. Мұратбек Жанболатұлы Абайдың, М.Әуезовтың, Ю.Лермонтовтың, Қ.Рысқұлбековтің мүсіндерін сомдауда абыройлы істер атқарды. М.Беляевтің жанына аса жақын тақырып – «көне» Семей, оның тар көшелері, тарихи орындары.

Сайттың «Суретшілер» бөлімі – семейлік қылқалам шеберлерінің туындыларымен таныстыруда кітап қорында бар мәліметтерін ұсынады.

Байғалиев Төлеуғазы
Төлеуғазы Байғалиевтің картиналары Астана, Алматы, Павлодар қалаларының көрме залдарына қойылған. Біздің жерлес суретшінің картиналары жеке коллекцияларда Ресей, Америка, Германия, Кореяда бар. Суретші өзінің көп уақытын «Дарын» дарынды балалар мектебінің, Шәкәрім атындағы университеттің көркемсурет факультетінің студенттерін бейнелеу өнерінің қыр-сырына үйретуге арнайды. Ф.Достоевский мұражайында жерлес суретшілердің картиналарының көрмесін ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Сондай картиналар экспозициясы 2004 жылдың көктемінде Т.Байғалиевтің шығармашылығымен қала жұртшылығын таныстыру мақсатында өткізілді.

Әдебиеттер:

Воскресенская Л. Родные просторы художника Байгалиева // Арна .- 2004.- 23 апреля.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12