Суретшілер

«Қазақстанның бір талантты жасы Мәскеуде тәлім алып жатыр» дегенді естіп, сол кездегі обкомның бірінші хатшысы Н.Морозов Мұратбекті Семейге қайта шақырады. Осылайша ол туған жеріне қайта оралып, шығармашылық еңбегін жалғастырады. Мұратбек Жанболатов сол жылдары Лермонтов, Абай мүсіндерін сомдап, композициялық туындылардан Бөрілідегі М.О. Әуезовтың, Семей қаржы-экономикалық колледжіне атақты қаржыгер Рымбек Байсейітовтың ескерткішін жасаған. Семей мемлекеттік университетіне Шәкәрім аты берілген кезде Шәкәрім тұлғасын сомдаған Мұратбектің еңбегіне жиналған жұрт ризашылық білдірген еді. Әрі, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш тақтаның да авторы өзі.
Мүсінші, өзінің ең алғашқы туындысы деп, Қарауыл ауылындағы «Үндестік» деген тақырыппен жасалған Гете, Лермонтов, Абай атамыздың қоладан құйылған барельефтері қойылған монументтік тақтаны атады. Ол әлемдік мәртебеде өткен ұлы Абайдың, М.Әуезовтың мерейтойларын көркемдеу-безендіру ісін абыроймен атқарды.
Мұратбек Жанболатовтың соңғы жасаған туындысы – Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткіш. Мұратбек Жанболатов 1981 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер қоғамының басқарма мүшесі болған Мұратбектің еңбектері республикалық одақтық көрмелерге қойылған, республикалық Қастеев атындағы мұражайда сақтаулы.
Оның мәрмардан шапқан М.Әуезов бюсті Бөрілідегі мұражайда, Абай орта мектебінде , Гете, Лермонтов, Абай бейнелері қойылған монументі Қарауыл селосындағы «Достық» аллеясында , Шәкәрім ескерткіші Семей педагогика институты бас корпусының алдындағы алаңда , Кеңес Одағының Батыры Әйтікеш Ибраев бюсті оның туған жері Баженово селосындағы Жеңіс алаңына қойылған.Ұзақ жылдар еңбектеніп , Би атаның (Кеңгірбай бидің) творчестволық портретін жасаған М. Жанболатов Семей қаласындағы Қайрат Рысқұлбековтің бюстінің және Ауған соғысына қатысқандарға арналып Семей қаласында қойылған монументтің авторы. Ондаған бейне, портреттер жасап, Семей облысындағы бірнеше мәдени, оқу-ағарту орындарын көркем безендіруді ұйымдастырған мүсінші, ҚР мәдениет қайраткері – Мұратбек Жанболатовқа 2003 жылы «Қолданбалы өнер» номинациясы бойынша мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚ облысы әкімі сыйлағының лауреаты атағы беріліп, арнайы дипломмен марапатталды. 2006 жылы жол апатынан қаза тапты.

Әдебиеттер:

Әнеттегі Т. Ұлылар рухына адалдық // Үш анық.- 1999.- қазан.
Нұғманбекова Р. Мүсіншінің сырлы әлемі // Дидар .- 2003 .- 1 мамыр.- Б.4
Қамбаров Ж. Қара тастан үндестік іздеген // Семей таңы .- 2003.- 14 ақпан.- Б.13
Мұратбек Жанболатұлы: Қазанама // Семей таңы .- 2006.- 23 қараша .- Б. 9

Маркелов Виктор

Виктор Маркелов 1971 жылы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетіне оқуға түседі. Суретші жұмыстарымен көрермендер ол 1 курс студенті болып жүргенде-ақ танысқан. 1975 жылдан бастап суретшінің жұмыстары қалалық, облыстық көрмелерге қойыла бастады. 1996 жылы суретшінің ең үлкен көрмесі ұйымдастырылып, оған суретшінің «Портрет девушки», «Кони», «Портрет старика», «Натюрморт», «Красный закат», «Көктем» картиналары қойылды.
Суретші шеберлігінің тағы бір қыры, ол атақты, ұлы суретшілердің шығармаларын көшіруді асқан шеберлікпен орындайды. Суретшінің асқан жетістіктерінің бірі Левитан картинасының «Натюрморт» көшірмесі, Рембранттың «Портрет старушки», «Возвращение блудного сына» және тағы басқа көптеген картиналар көшірмесі. 2003 жылы Невзоровтар отбасы мұражайында суретшінің «Күзгі салон» сериясы бойынша өткізілетін көрмесінде аса шеберлікпен орындалған шығармалары қойылды. Бұл жолғы шығармаларының ішінде суретшінің натюрморты «Сирень и сакура» шығармасы көңіл аудартады.

Әдебиеттер:

Базанов В. «Мне солнце кружило голову…» (о художнике Викторе Маркелове) // Семипалатинские вести.- 2003.- 27 июня.- с. 10
Нестерова Л. Картины и копии о жизни и любви // Иртыш сегодня.- 2003.- 11 декабря.- с. 5
Палу Д. «Историческая комната» Виктора Маркелова // Арна.- 2003.- 21 марта.- с.7

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12