Ямышев қақпасы
54    Мекен жайы: Семей қаласы Абай көшесі
1718 жылы 1 Петрдің жарлығымен Семейден 18 шақырым жерде Семипалатный қамалының негізі қаланған. Ертіс суының тұрақты түрде тасуының салдарынан 60 жылдың ішінде қамалдың орны үш рет ауыстырылған. 1776 жылы қамал қайтадан биіктеу жерге салынған, сол арада қазір де өзеннің оң жақ биіктеу жағасында орналасты, үстіңгі жағы биік ағаш дуалмен қоршалды, дуалдың асты топырақпен көтерілді. Қамалдың зеңбірек орналасқан екі бастионы және үш қақпасы болды. Ямышев қақпасы Омбы жақ бетте, Семипалатинский қақпасы Ертістің тік жағасына қарай шықты, ал УстьКаменогорский қақпасы – шығыс жағында болды.

Біздің заманымызға дейін осы үш қақпаның біреуі – батыс қақпасы ғана жетті. Теміржолға дейін баратын жолдың құрылысын жүргізуге кедергі жасап тұрғандықтан, 1970 жылы қараша айында аталмыш қақпаны Ертіске қарай 50 метрге жылжыту шешілген. 1973 жылы қақпаның орны ауыстырылған, тағанының негізіне тақталар салынған. Қамал қақпасы мен қамал қабырғалары инженер-капитан

Г.И. Андреевтің басшылығымен және соның жобасымен салынған.

19 ғасырдың сәулет ескерткіші мемлекеттің қорғауына алынып, оған рсепубликалық ескерткіш санаты берілген. Қақпаның үлкен аркалары бар, төбесі шатырлы, карнизінің түрі қарапйым сурет секілді. Аркасының қабырғалары жоғары қарай иіліп барып, бір шағын тоннельге айналады.

Батыс қамал қақпасының түрі толық жаңғырудан өткен. Темір қақпалары құлыппен бекітіледі. Бұрынғы кездегі секілді қамал қақпаларының жанына лафетке зеңбіректер орнатылған.

Семейдің 250 жылдығына арналған стела
63    1968 жылғы монументалды өнер ескерткіші. Мекен-жайы – Шәкәрім даңғылы.

Семей қаласының аты Зордшинкент буддалық монастырінің жеті шатырының қирандыларынан алынған. 1968 жылы Семейде қаланың негізі қалануының 250 жылдығы тойланды. Осы оқиға құрметіне сол жеті шатыр орналасқан жерге 1972 жылы қаланың негізі қалануына 250 жылдығына орай стелла орнатылды. Авторы – ленинградтық сәулетші Томич.

Стелланың биіктігі 18 метр. Стелла блоктардан тұрады. Блоктар керамзит-бетон мен ақ цементті тас сылақтан, оған мәрмар қиыршықтар қосып жасалған. Өңделуі – темірбетонды декоративті торкөздер және қаланың екі мыс гербі. Семей қаласының гербі конфигурация формалы қалқанда бейнеленген. Гербтің ортасында Кеңес мемлекетінің рәмізі бес тармақты жұлдыз орналасқан. Жұлдыздың үстінде ашық кітап тұр, ол қаланы ірі мәдениет орталығы және оқу орындарының ордасы ретінде сипаттады. Ашық ктіаптың сол жағында қалаға аты берілген 7 шатыр бейнеленген. Оң жағында ашық күн шұғылысына малынған өнеркәсіп орындарының сұлбасы орналасқан.