g1

1917 жылы Шұбартау ауданы, «Сарықамыс» ауылында туған. Соғысқа дейін «3 – ші бесжылдық» кеңшарында жұмыс істеген. 1941 жылы тамыз айында Армия қатарына алынған. Соғыс кезінде 1 – ші Белорус қатарының құрамында және 2,3,4 – ші Украин соғысына қатысқан. Үш рет жараланып,  сауыққаннан кейін қайта өз қатарына қосылды. Зеңбірекші Мұқатай ерлігімен батылдығы үшін 1 дәрежелі Отан соғысының орденімен наградталған. 1944 жылы сәуір айында қатардағы Әбеуілов шабуылда қатты жараланды. Жарты жыл зеңбірекші – артиллерист әскери аурухана төсегінде жатады. Оған жарты жыл туған еліне барып қайтуға демалыс береді. Бірақ ол бас тартып, өзінің жауынгер достарына баруға асығады.

1944 жылдың күзінде Кеңес әскерлері румын – венгер шекарасына жетіп, Венгрия жерін қорғауға қатысты. Ұрыс басталып, артеллиристер әскери бұйрықты өтеуде, жаудың ойлануына мұрша бермеді. Мұнда ерекше көзге түскен нысаншы М. Әбеуілов болған, зеңбірекшілер тобы болды. Аз уақыт ішінде М.Әбеуілов 4 танкіні жойды, 4 бронетранспортерді, 50 шақты жаудың көзін жойған.

№179754  артиллеристер қауымының ерліктері туралы жаңалық бүкіл корпусты дүр сілкінтті.  Ержүрек нысаншы М.Әбеуілов Венгрия территориясына жаудың ересен зор күшін және техникасын өткізбей қатты тойтарыс берді. Жергілікті пункттер Бихор-Уцрван, Епископа-Бихар, Тепе, Надьколло қаласын азат ету кезінде ерекше көзге түсті. Қиян-кескі шайқастарға жаяу әскерлермен бірге шығып, өз қаруымен қорғап жүрді. 1944 жылы қазан айының 8-нен 26 – на дейін аралықта М.Әбеуілов өз қаруымен 3 ірі калибрлі зенитті қондырғыларды, 2 танкіні, 2 минаметті батареясын, 3 зеңбіректі, 6 автокөлік, 60-дейін фашистердің көзін жойды.

Бірақ Жеңіске дейін өмір сүре алмады, 1944 жылы 6 желтоқсанда М.Әбеуілов ұрыста ерлікпен қаза болды. Ол Венгрияның Махора деген жергілікті пунктінде жерленген. Соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы әскери тапсырманы орындағаны үшін сержант М. Әбеуіловке жоғары Кеңес Президиумының Қаулысы бойынша 1945 жылы 28  маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әдебиеттер:

1.Қаһарман мүсіні тұғырда  // Семей таңы. – 2015. – 12 мамыр. – Б.4

2.Осокин П. Мұқатай батыр // Семей таңы. – 1982. – 8 май. – Б.4

3.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.15-16

4.Төлемісұлы К. Мұқатайдың ерлік жолы // Семей таңы. – 2015. – 7 мамыр. – Б.8

5.Төлемісұлы К. Шұбартау тарихы: Жондағы жобалай Керей елінде.- Семей, 2016. – Б.207-213