31 наурыз күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Халықаралық балаларға арналған кітап күнін мерекелеу аясында, Семей қаласының «Озерка» жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары арасында «Мерейтой кітаптар-қонақта» атты танымдық-ойын бағдарламасын өткізді. Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің …
Абай атындағы кітапханада 29 наурыз күні «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ұсыныс көрме ұйымдастырылды. Құқықтық сауаттылық – ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Ұсыныс көрмесінің мақсаты: пайдаланушыларға өз құқықтарын қорғай білуге, заң алдындағы жауапкершілікті арттыруға және құқықтық сауаттылыққа …
Абай атындағы облыстық кітапханада 18 наурыз күні кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Айша Бибі» ұлттық-мәдени орталығымен бірлескен түрде «Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» тақырыбында этномәдени кеш ұйымдастырылды. Шараға Семей мемлекеттік медицина университетінің студенттері, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері және қатысуға ниет …
ШҚО Абай атындағы кітапханасында қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Ғ. Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: жастарды шығармашылық ізденіске бағыттау, …
3 наурыз күні Абай атындағы кітапханада «Отбасы орталығы» ҚҚ-мен бірлесіп Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараға қаламыздың дамуына ерекше үлес қосқан семейлік қыз-келіншектер, оның ішінде мемлекеттік органдар мен экономика саласының өкілдері, медицина қызметкерлері мен мұғалімдер, қоғам қайраткерлері, …
ШҚО Абай атындағы кітапхананың ZOOM платформасында 2-ші наурыз күні әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфир қонағы саяси ғылымдардың докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, мемлекет қайраткері, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлымен «Мұстафа …
1 наурыз күні Абай атындағы облыстық кітапханада Семей қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Азаматтық қорғау жоғары колледжінің курсанттары мен студенттері үшін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні ұйымдастырылды. Бұл дата азаматтық қорғаныс …
1- наурыз күні кітапханада Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айту күнін мерекелеу аясында дайындалған «Жылулық мен мейірімге толы әлем» атты кітап көрмесі қойылды. Кітап көрмесіне қойылған кітаптар мен мерзімді …
Абай атындағы кітапханада 2022 жылы 23 ақпанда ZOOM платформасында дәстүрлі «Алаш» жобасының кезекті бейнедәрісі өз жалғасын тапты. Жоба аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, ахметтанушы ғалым Алмасбек Ахметұлы Әбсадық «Ахмет Байтұрсынұлы – ауыл мектептерінің мұғалімі» тақырыбында …
23 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың “Кітаптхананың алтын қоры” айдарының кезекті санында сирек басылымдары қатарындағы орыстың сол заманғы жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Михаил Херасковтың “Эпические творения” еңбегі талқыланды. Кітап 1786 жылы Мәскеуде «Новиков» типографиясынан жарық көрген. Бүгінгі күнде құнды …
Ақпан айының 21 жұлдызында Абай атындағы кітапхананың жас мамандары арнайы әлеуметтік желідегі оқырмандары үшін «Ат – ер қанаты» тақырыбында бейне репортаж ұсынды. Репортаж жылқы малының құдіреті мен қасиеті жайында ақпарат беріп, қазақ халқының ежелден тұрмыс-тіршілігінің бір бөлігіне айналған төрт түліктің …


















