1009-1026 / 2609

Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі : оқырмандар конференциясы

06.05.2019

Мамыр айының 6 жұлдызы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, үш арыстың бірі – Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай  Абай атындағы кітапханада М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттерінің қатысуымен «Бейімбет Майлиннің Күлпаш әңгімесіндегі кедей бейнесі» тақырыбында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. …

Қазақстан әскері: кеше, бүгін, ертең: кітап көрмесі

06.05.2019

Абай атындағы кітапханада 6 мамыр күні – Отан қорғаушылар күніне арналған «Қазақстан әскері: кеше, бүгін, ертең» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл күн – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы 7 мамырдағы «Ұлттық Қарулы Күштерді құру» туралы Жарғысы негізінде бекітілген. Бұл …

Жеңіс балы

04.05.2019

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында 4 мамыр күні Абай атындағы кітапхана  «Жанұя орталығы» қоғамдық қорымен  бірлесе отырып «Жеңіс балын» өткізді. Мерекелік кешті Семей ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы ақ тілегімен ашып берді. Жастардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, …

Кітаптар соғыс шежіресі сияқты: кітап көрмесі

04.05.2019

4 мамыр күні Абай кітапханасының қабырғасында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Кітаптар соғыс шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әкімдіктің, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, әскери бөлімдер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кітап көрмесі «Ұлы …

Презентация жобасы: тренинг

04.05.2019

2019 жылғы 2-4 мамыр аралығында «Информатика» пәнінен жобаға қатысу үшін, пайдаланушының сұранысы бойынша жаңа тренинг ұйымдастырылды. Үшінші сынып оқушысы Рашидов Давид жеке тренингте тақырып бойынша компьютерде Презентация жасауды және оның түрлерімен танысты. Тренингтен алған білімін нақтылау мақсатында қатысушыға тәжірибелік тапсырмалар …

Отан қорғаушы батыр ̶ жерлестер: ерлік сағаты

04.05.2019

 Абай атындағы кітапхананың оқу залы бөлімінің қызметкерлері 3 мамыр күні Семей қаласы «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» студенттеріне 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Отан қорғаушы батыр  ̶  жерлестер» атты тақырыпта  ерлік сағатын  өткізді. Бүгінгі жас ұрпақтың бойында  Отанына, …

Әскердегі бір күн: спорттық-патриоттық эстафета

03.05.2019

3 мамыр күні Абай кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Әскердегі бір күн» атты спорттық-патриоттық эстафета ұйымдастырылды. Мәдени шараға қаламыздағы №35 ЖББО мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Мерекеге арналған шарамыз қан …

Кітапханадағы квартирник: гитарамен ән кеші

30.04.2019

28-сәуірде Абай атындағы кітапханада өнер мен өлеңге ғашық жандардың орындауында кезекті ән кеші өтті. Кеш 9 мамыр қарсаңында өтіп отырғандықтан, әлбетте әуесқой авторлардың орындауындағы әндер соғыс тақырыбына арналды. Іс-шара қазақстандық «Мотороллер» тобының орындауында «Соғыс туралы» әнімен бастау алды. Кеңестік заманда …

Компьютер негізі: тренинг.

29.04.2019

2019 жылғы 22-26 сәуір аралығында компьютер негіздері бойынша тренинг өткізілді. Үш қатысушы – зейнеткер және жұмыссыздар -мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізуімен, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесімен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында қызықты тәжірибелік тапсырмалары берілді, онда қатысушылар алған …

Абай кітапханасының жауһар басылымдары: әдеби экспозиция

26.04.2019

26 сәуір күні ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Семей қаласында іс-сапарда болып, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде қаланың зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Ел Президентіне Абай атындағы кітапхананың қорындағы әдебиеттерден әдеби экспозиция ұсынылды. «Абай оқыған кітаптар», «Латын – құнды мұра», «Абай әлемі» …

Бір халық- бір ел, бір тағдыр: кең көлемді кітап көрмесі

26.04.2019

Жыл сайын 1 мамыр – Бірлік, Ынтымақ күні мерекесінде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай 26 сәуір күні Абай атындағы …

Шұғылалы әуендер: көрме

26.04.2019

Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін үкімет тарапынан қолайлы жағдай жасалған. Жыл сайын 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтіледі. Аталмыш мереке қарсаңында 25 сәуір күні Абай кітапханасында «Шұғылалы әуендер» …

Ұлттық мәдениет керуені: этнографиялық мереке

25.04.2019

25 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне  арналып  «Ұлттық мәдениет керуені» атты этнографиялық мереке өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты:  жас жеткіншектерге Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне …

«Абай әлемі»: әдеби экспозиция

25.04.2019

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында 24-27 сәуір күндері ұйымдастырылған «EurasianBookFair – 2019» IV-Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне «Абай әлемі» әдеби экспозияциясымен қатысты. Шараға қатысуымыздың басты мақсаты кітапханамыздың қорында сақталып келе жатқан XX ғасырдың басында жария көрген құнды әдебиеттер мен «Рухани …

Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры»: оқырмандар конференциясы

24.04.2019

2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитеті Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен  Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін таңдап алды. 24 сәуір күні  Абай атындағы әмбебап кітапханасы акция аясында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және …

Ұлы Шекспирдің туғанына 455 жыл: әдеби кеш

23.04.2019

23 сәуір күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында танымал ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің туғанына 455 жыл толуына орай, ағылшын тілі курсының тыңдармандарына әдеби кеш ұйымдастырылды. Шара ұлы жазушы, драматургтың өмірі мен шығармашылығын таныстырумен басталды. Одан кейін кеш қатысушылары назарына «Шекспирдің жұмбағы» …

Қалалықтар – майдан үшін: өлкетану қонақжайы

23.04.2019

21 сәуірдегі өлкетану қонақжайының кезекті отырысы Ұлы Отан соғысына орай «Қалалықтар – майдан үшін» деген тақырыппен өткізілді. Сұрапыл соғыс жылдары алыстаған сайын, сол күндердің куәгерлерінің де саны сиреп барады. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – ұмытуға болмайтын соғыс туралы жас жеткіншектердің санасына …

Оқу көшбасшысы: әдеби марафон

22.04.2019

20 сәуір күні Абай кітапханасында «Диалог» жастар қанатының мүшелерімен «Оқу көшбасшысы» атты әдеби марафон өтті. Әдеби марафон 23 сәуір халықаралық кітап күнінің аясында өткізілді. Марафонның басталуына 10 күн қалғанда ұйымдастыру және дайындық жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде клуб қатысушыларына М. Зусактың  …