Малғаждарова Бақыт Сексенбайқызы Шығыс Қазақстан облысында 1952 жылы, қаңтар айының 29-да туған. 1974 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институттын бітірген. 1974-1977 жылдары Павлодар облысының Ермак (қазіргі Ақсу) ауданының орталық ауруханасында дәрігер акушер- гинеколог, 1977-1980 жылдары Семей облысы, Аягөз ауданының орталық перзентханада бөлім меңгерушісі, 1981-1990 жылдары Қазақ КСР Акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институтында ізденуші, кіші ғылыми қызметкер, 1990-2002 жылдары Алматы қаласындағы Ана мен бала денсаулығын қорғау республика ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 2002-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2009 жылдан Қазақстан ұлттық медицина ассоциациясында тәуелсіз эксперт. «Босану әрекеті әлсіздігінің патогенезі, болжамдау және алдын алуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Медицина ғылымының докторы, (2006). Негізгі ғылыми бағыты — акушерия, босану әрекетінің әлсіздігі. 170-ке жуық ғылыми еңбектің авторы. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздік қызметкері (2009).
Әдебиеттер:
- Малгаждарова Б.С. Патогенез, прогнозирование и профилактика слабости родовой деятельности. – Алматы, 2006. — 256 с.
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.112