Кенжеш Садыққызы Сарсекенова 1972 жылы 17-ші қазанда ШҚО, Аякөз қаласында туған. СІІІ-і (1985), жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстанның, Әлемнің екі мәрте жеңімпазы, 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия), 1994 жылы Нагано (Жапония) қысқы Олимпиялық ойынға қатысушы, қысқы Азия ойындарына (1999, Оңтүстік Корея) қатысып 1500 м-ге сырғанаудан 8-ші, көпсайыста 9-шы орынға ие болды, Әлем кубогінің кезеңдеріне, Норвегия, Голландия, Германияда өткен т.б. халықаралық турнирлерге қатысты. Конькиден жүгіруден спорт шебері, екі дүркін қысқы Олимпиада ойындарына қатысушысы 7 дүркін ҚР чемпионы.
Әдебиеттер:
- Жолымбетов Ө., Құлназаров А. Қазақстан-спортщылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2009. — Б.457
- Кенжеш Садыққызы Сарсекенова // https://kk.wikipedia.org/wiki/Кенжеш_Садыққызы_Сарсекенова