Кенемолдин Мұратбек Мүфтиұлы – алаштанушы, қаламгер-тарихшы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі (1993), Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2017).
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Би Боранбай ауылында 1958 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих және құқық факультетін үздік бітірген. Алғашқы шығармашылық еңбек жолын 1985 жылы Шар аудандық «Достық туы» («Знамя дружбы») газетінде аудармашы, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдан облыстық «Семей таңы» газетінде аға әдеби қызметкер, әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
2000-2016 жылдары «Демократия» газетінде, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында, «Абай» республикалық журналында шығармашылық қызмет етті. 2017 жылдан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері.
Алаш қозғалысы тақырыбына арналған қырыққа жуық архивтік деректерге негізделген материалдары республикалық газет-журналдар мен интернет-сайттарда, халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинақтарында жарияланған. Сондай-ақ, «Өнегелі өмір асулары», «Қыран тағдыр» «Аңшы Жекен» сынды тағы басқадай бірнеше кітаптардың авторы. Еуразия университетінде шығып тұратын «Мәңгі Ел» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналының 2016 жылғы № 01-02 нөмірінде Шоқан Уәлиханов туралы мақаласы үш тілде жарық көрді. Зерттеу еңбектері мен өмірбаяны «Шәкәрім» энциклопедиясы және «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығына енген.
Алаштың «Ақ жолы» жалпыұлттық шығармашылық байқауының лауреаты. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт минстрінің Алғыс хаты (2018), республикалық және облыстық деңгейдегі журналистік сыйлықтармен марапатталған.
Әдебиеттер:
1.Кенемолдин М. Ерекше тарту: (ЭКСПО -көрмесіне Абай мұражай тарапынан көрмелік макеті апарылады) // Семей таңы. — 2017. — 19 мамыр. — Б. 2
2.Кенемолдин М. Құнанбай құдығы қалпына келтірілді // Ертіс өңірі. — 2017. — 17 мамыр. — Б. 2
3.Кенемолдин М. Аты аңызға айналған: (Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайында) // Мәңгі Ел. – 20167 — № 01-02. – Б. 79-85.
4.Кенемолдин М. Шоқанның Семейдегі жылдары // Абай. — 2015. — № 6. — Б. 29-40
5.Кенемолдин М. Алаш қаласы // Абай. — 2014. — № 5. — Б. 26-33
6.Кенемолдин М. Бияш деп елі еркелеткен [Алаш қайраткері Биахмет Сәрсенұлы туралы] // Ертіс өңірі. — 2014. — 24 қыркүйек. — Б. 12
7.Кенемолдин М. Анненковтың «Ажал аралы» // Ертіс өңірі. — 2014. — 30 шілде. — Б. 10-11
8.Кенемолдин М. Қаражан Үкібаев кім? // Абай. — 2010. — № 4. — Б. 23-26
9.Кенемолдин М. Семей облыстық қазақ комитеті // Абай. — 2009. — № 1. — Б. 39-41
10.Кенемолдин М. Семей земствосы және ұлт зиялылары // Абай. — 2007. — № 2. — Б. 94-96
11.Кенемолдин М. Бияш деп елі еркелеткен // Абай. — 2006. — № 3. — Б. 36-41
12.Кенемолдин М. Өлке тарихынан екі еңбек [Абай кітапханасының сирек басылымдар қорынан «Записки… мерзімдік басылымдарда басылған өлкетанушы В.Брюхановтың «Қоңыр әулие» және Ә.Бөкейхановтың «Тас обалар» туралы археологиялық мақалалары туралы) // Абай. — 2004. — № 2. -Б. 52-53