1969 жылы ШҚО облысы, Семей қаласында  дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы №5 орта мектепті, Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетін  бітірген. 1988-89 жылдары Кеңес әскерінің  Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында Парван  уәлаятында 180-мотоатқыштар  полкінде бөлімше  командирі қызметін  атқарды.

Ауған соғысының ардагері, запастағы аға сержант. Қазіргі уақытта  ауған соғысы ардагерлері « Қазақстан ардагерлер» қауымдастығы төрағасының  орынбасары, Алматы қаласының, №32  сайлау округі бойынша  мәслихат депутаты. Қызыл жұлдыз, «Құрмет» және Ресей Федерациясының  «Ерлігі үшін», «Парыз және  абырой» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,2009.-77 б.