1951 жылы 4 қыркүйекте  Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көкөзек  ауылында дүниеге келген. КСРО Қарулы Күштері қатарына 1969 жылы 14 қарашада  шақырылады. Ленинград  Жоғарғы  әскери  командалық училищесін  бітірген.  Ауғанстандағы соғыс қимылдарына  1981 жылы қазан айынан бастап қатысты. Ауғандардың 80 машина оқ-дәрі, жанғыш-майлағыш материалдар  мен өнімдер тиеген  автокөлік  лектерін алып жүру тапсырылады. Жаумен ұрыс  қимылдарын жүргізе отырып, лекті   Дердыдав  елді мекені ауданына жеткізеді. Қайтар жолда лек Дайран-Зиндан  елді мекені  ауданында  күшті атқылауға ұшырайды. Бірнеше машина зақымданып, кептеліс, пайда болды.

Зябчук Леонид шебер қорғана отырып, бұзылған машиналар мен лекті  атқылаудан алып шығады. Өзі жеке құраммен, бронетранспортердің  көмегімен, шегінуді қамтамасыз етеді. Қарсыластар барлық күшті  бронетранспортерлерге  жұмсайды.  Ол ауыр жарақат алғанына қарамастан , ұрысқа  басшылық жүргізді. Госпитальда қайтыс болды. Ерлігі үшін  Қызыл жұлыз (қаза тапқаннан кейін) орденімен марапатталған. 1982 жылы 20 қаңтарда қайтыс болған. Қырғызстандағы Ош  облысының Майлысай  қаласында жерленген.  Осы қалада көше есімі берілген.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. — 208 б.