1969 жылы 21-ші қаңтарда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Алтыншоқы ауылында дүниеге келген. КСРО Қарулы Күштері қатарына Семей облысы, Таскескен аудандық әскери комиссариатынан шақырылады. Түркіменстанның Теджен қаласында оқу-жаттығудан өткен соң, 1987 жылы қараша -1988 жылы тамыз аралығында Кеңес әскерінің ауғанстандағы шектеулі контигенті құрамында Бадахшан уәлаятында орналасқан № 89933 әскери бөлімінің мотоатқыштар полкінде Т-62 танкінің механик-жүргізушісі болды. Танк батальоны Тешкан өзендеріндегі стратегяиылық маңызды көпірді қорғады. Әскери міндетін Термез, Бийск қалаларында жалғастырды.
1989-97 жылдары Алматы қаласы «Алматыкультбытстрой » мекемесінде ағаш шебері болып еңбек етті. Құрылыс саласында жұмыс істейді. « КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», «Кеңес әскерінің АДР-дан шығарылғанына 15 жыл» «Кеңес әскерінің АДР-дан шығарылғанына 20 жыл» т.б, медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. — 325 б.