1953 жылы 20 сәуірде ақпанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма ауданы, Балажал ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Алматы жоғары жалпы командалық училищесін, 1990 жылы «Выстрел» Жоғарғы офицерлер курсын бітірген. 1974-79 жылдары Орта Азия әскери округінде мотоатқыштар взводының командирі, 1977-79 жылдары рота командирі, 1979-81 жылдары Германиядағы Кеңес әскері тобында мотоатқыштар ротасының командирі, мотоатқыщтар батальоны штабының бастығы міндеттерін атқарды.
1986-88 жылдары Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында Файзабад қаласында мотоатқыштар батальонының командирі, жеке мотоатқыштар полк командирінің орынбасары болды. 1988-91 жылдары Белоруссия әскери округінде мотоатқыштар полкінің штаб бастығы, 1991-92 жылдары танк әскеріндегі мүлікті сақтау базасы штаб бастығының орынбасары, 1992-93 жылдары ҚР Қарулы Күштері Талдықорған облысында әскери комиссарының орынбасары, 1993-96 жылдары Талдықорған қаласындағы №18404 әскери бөлімінің командирі қызметтерін атқарады.
1977 жылдан Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық басқару академиясы әскери кафедрасының бастығы қызметінде. «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» т.б көптеген медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. — 429 б.