Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданыда 23 қаңтар 1959 жылы дүниеге келген. Ауған соғысының ардагері, запастағы майор. 1986 жылы Ачинск әскериавиациялық-техникалық училищесін бітірген. 1976-77 жылдары Семей қаласындағы зауытта жұмыс істеген. 1977 жылы мамыр айында КСРО Қарулы Күштері қатарына Семей қалалық әскери комиссариатынан шақырылған. 1977-80 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Ленинград облысы Кронштад қаласында орналасқан Әскери теңіз флотының бөлімінде қызмет етті. 1981-94 жылдары Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында әскери бөлімінде авиация механигі, технигі, топ бастығы, штаб бастығының аға көмекшісі болып, 1988-89 жылдары Ауғанстанның Шинданд уәлаяындағы шекарашылар авиациялық полкінде қызмет атқарды. 1994-96 жж. Талдықорған қаласындағы әскери бөлімінің инженерлік-аэродром қызметінде взвод командирі-аға оқытушы,1999-2004 жылы әскерибөлімнің штаб бастығы-батальон командирінің орынбасары болды. 2004 жылдан Талдықорған қаласындағы №10 гимназия-мектебінде алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы-ұйымдастырушы, сонымен қатар Талдықорған қаласы «Ауған соғысы рдагерлері» ұйымы төрағасының орынбасары. Жауынгерлік ерлігі үшін медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. — Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. — 114 б.